Баспасөзге шолу

07 шілде, 2016

Тәуелсіз Қазақстанның дербес армиясы қалай құрылды?

Еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейін дербес армия құрылғаны баршамызға мәлім. Ал алғаш болып теңіз әскері жасақталғанын сіз білесіз бе? 

Еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейін дербес армия құрылғаны баршамызға мәлім. Ал алғаш болып теңіз әскері жасақталғанын сіз білесіз бе? 

Сондай-ақ елімізде шығарылған бірінші әскери кеме қалай аталды? Егеменді елдің теңіз ресурстары қандай жолмен реттелді? 

25 жыл бұрын елімізді әлем мойындады. Бірақ азаттығымызды сақтауымыз үшін шекара шегеленіп, әскеріміз әлденуі қажет болды. 

1992 жылдың 7-ші мамырында Елбасы Қазақстанда Қарулы Күштерін құру туралы Жарлыққа қол қойды.  Құжат шыққанымен, әскер саласын жинақтауға біраз күш, уақыт қажет болды. Алғаш болып теңіз әскері жасақталды. 

Ахметжан Шоқбұтов, «Зенит» зауыты бас директорының орынбасары 

-Қазақстан Тәуелсіздік алғаннан кейін біріншіден елді қорғау керек болды. Содан кейін Каспий теңізі болғаннан кейін теңіздің ресурстарын, теңіздегі шекараны қорғайтын жағдайға келдік. Содан 90-шы жылдан бастап қанша қиыншылық болса да, Елбасымыз, Үкіметіміз ойлап, 1993 жылы Жарлық шығарды. Сол әскери теңіз күштерін қорғауға.

Кеңес ыдырағаннан соң Каспий маңында шекара қорғайтын бірде-бір кеме қалмаған еді. Суымыз қараусыз, жеріміз ашық жатты. 

Елбасы бастамасымен 1993 жылы арнайы қауіпсіздік комитеті құрылып, Оралда кеме жасайтын «Зенит» зауыты ашылады. 

Ахметжан Шоқбұтов, «Зенит» зауыты бас директорының орынбасары 

-1995 жылы тапсырысты алып, 1997 жылы бізде бірінші кішкентай кеме «Катер» деген шығады. Жобасы «Сұңқар» деген. Одан кейін «Бүркіт» деген «Катер» шығарды осы зауыт. Салыстырып қарасаңыз, ең бірінші катердің салмағы 13 тонналық болды. Қазір шығарып отырған әскери кемелер 250 тонналық. Сол уақытта қиыншылық болса да, зауыттың ұжымы директордың басшылығымен Үкіметтің арқасында ақша бөліп, шығарғаннан кейін зауыт ұйымдастырып жасай бастады. 

Кадр мәселесі де бірте-бірте шешімін тапты. Қазір теңіздегі жауынгерлер «Зениттен» шыққан 24 әскери кемені тізгіндеп отыр.  Осыдан 25 жыл бұрынғы қорғаныс саласының құрылуын ол кездегі капитан, қазіргі генерал-майор Әмір Халықов жақсы біледі.  Азық-түлік тапшылығы былай тұрсын, жарықсыз елді қорғауға мәжбүр болған күндер көп болғанын айтады. 

Әмір Халықов,  ҚР ҚК Бас штабы басшысының орынбасары, генерал-майор  

-Ол кездегі армия орыс, украиндерден құралған еді. 1991-92 жылдары елден кеткен жауынгерлердің дені де солар болды. Мен әскерге келген жылы бөлімшеде 2 қазақ офицер бір-ақ жауынгерге бас-көз болып қалдық. Кадр мәселесі қатты қинады. Уақыт өте өз арамызға подполковник Ертаев келіп, дивизия командирі болды. Бірте-бірте құрам жинала бастады. 

Жұрт 200 жылда жаһанды жайпататын әскерді еліміз 25 жылда-ақ құрап шықты. Қарулы күшімізді қайнаған соғыста көрсетпесек те, мен деген көрмелерде талайды тамсандырудамыз.  Шекара жоқта мемлекет болмайды, ал әскер болмайыша шекара да тұрақтамасы анық.

Авторлары: Эльвира Тағайқызы, Мейрамбек Ахмаханов, Ардақ Айбарұлы


Дереккөз: http://khabar.kz/
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама