Баспасөзге шолу

05 шілде, 2016

Иманғали Тасмағамбетов «Батыр арулар» байқауының жеңімпаздарын марапаттады

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі «Батыр арулар» байқауының жеңімпаздарын марапаттады.

Бүгін, 2016 жылғы 5 шілдеде елорда күні қарсаңында ҚР Қорғаныс министрлігінде Қазақстан Қарулы Күштерінің әйел әскери қызметшілері арасындағы екінші республикалық «Батыр арулар» байқауының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды ҚР ҚМ баспасөз қызметі. Байқау өз өмірін әскермен байланыстыруға бел буған, олар үшін әскери қызмет жай ғана жұмыс емес, өмір бейнесі мен стилі болып табылатын үздік әйел әскери қызметшілерді анықтау үшін ұйымдастырылған. Биылғы жылы «Батыр арулар» байқауы екінші мәрте өткізілді. Бірақ, бұл ретте оның ауқымы мен байқауға әр елдің тұрғындары білдірген қызығушылық арта түсті. Интернет дауыс беруге Ресей, АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Индонезия, Үндістан мен Орта Азия елдерінің пайдаланушылары белсене қатысты. Екі айлық дауыс беру нәтижесінде конкурсанттарға рекордтық 253 мың 875 дауыс саны берілді. Бұл ретте техникалық талаптар күшейтілді.

Интернет пайдаланушылар бір IP-адрестен ғана дауыс бере алды. Нәтижесінде қазақстандық армияның үздік өкілдері анықталды. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов 12 жеңімпазды құттықтады. «Қазақстанның армиясында әйел әскери қызметшілер атқарып отырған лауазымдарда әскери қызметті лайықты деңгейде атқарады. Әскери қызметті өткеруі барысындағы олардың айрықша қасиеттері жауапкершілік пен адалдық болып табылады. Күрделі, қажырлы еңбекті арқалап жүрген нәзікжанды әскери қызметші арулар Қазақстан Қарулы Күштерінің әскери ұжымдарына тың жаңалық пен жылулық ұялата отырып, ерлермен қатар иық теңестіріп қызмет атқарып жүр», - деді министр. Байқауға барлығы 80 әйел әскери қызметші қатысты. Олар Қазақстанның әртүрлі өңірлерін, түрлері мен әскер тектерін, әскери бөлімдерін, өңірлік қолбасшылықтары мен әскери дәрігерлер мен десантшылардан бастап музыканттар мен байланысшыларға дейін әртүрлі әскери кәсіп иелерін паш етті. Марапатқа және Қазақстан Қарулы Күштерінің үздік өкілдерінің бірі атағына ие болу жолында конкурсанттар талай белестерден өтті. Қатысуға өтінім берген сәттен бастап және салтанатты рәсімге дейін олар оқ атты, барлық кедергілерді еңсерді, ұрыс машиналарын бағындырды, тіпті, арнайы тапсырманы орындауға аттанды. Енді олардың әрқайсысы «Батыр арулар» мамандандырылған күнтізбесі беттерінің сәнін келтіреді.

Дереккөз: http://24.kz
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама