Баспасөзге шолу

17 маусым, 2016

Қарағандыда «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиыны қорытындыланды

Жүзден жүйрік шыққан жеңімпаздарды еліміздің Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағанбетов пен облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков марапаттады.  

Ел тыныштығын қамтамасыз ету үшін ең әуелі қорғаныс мықты болуы тиіс. Сондықтан соңғы жылдары әскери салаға инновациялық технология дендеп енгізіліп, жойқын қарудың сан түрі жасалып жатыр.  Әскери жиында да балалардың қолынан шыққан 39 робот жұртқа таныстырылды. Үздіктері кейін өндіріске жіберілуі мүмкін. 

Орал қаласындағы №28 мектептің оқушысы Ерболат Сайлыбаев та биылғы жарысқа өз өнертабысын ала келіпті. Ерболат Сайлыбаев, Орал қаласындағы №28 мектептің оқушысы   -Роботтың негізгі мақсаты – адам шығынын азайту. Ол тек қана барлау жұмыстарын жүргізеді, әскери шабуылды да жасайды. Энергия көзін күн батареясынан алады, жол талғамайды. Өзінің ковшы арқылы минаны, жарылғыш заттарды қорабына салып отыратын болады.  Еліміздің бар өңірінен жиналған 800-ден астам бала бес күн бойы барын салды. Әскери, спорттық дайындықтарын көрсетіп қана қоймай, білімдерін де байқатты.

Нәтижесінде Семей қаласынан келген «Жас ұлан» әскери мектебі бас жүлдені жеңіп алды.   

Нұрмұхамбет Әбдібеков, Қарағанды облысының әкімі -Біз «Айбын» жиыны өзінің мәресіне жетіп, алдына қойған мақсаттарына жетті деп ойлаймыз. Келесі жылы да, үшінші рет өтетін осы «Айбын» әскери-патриоттық жиыны тап осылай «Спасск» полигонының алаңында, біздің Қарағанды облысында өтеді деп біз күтеміз.

Бұл күні әскери жиынға қатысқан 49 команданың барлығы да жүлдесіз қалған жоқ.  Ең бастысы, жеткіншектер әскери саланың қыр-сырына қанық болды. Биылғы жиынның тағы бір ерекшелігі тұңғыш рет 52 қыз бала қатысты. 

Дереккөз: http://khabar.kz/
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама