Ұлттық ұлан Әскери институтының түлектеріне диплом табысталды

Петропавлда ҚР Ұлттық ұланы Әскери институтының түлектеріне диплом табыстау рәсімі өтті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
Мемлекеттік аттестация комиссиясының төрағасы, ҚР Ұлттық ұланы бас қолбасшысының орынбасары генерал-майор Альберт Маткәрімовтің айтуынша, әскери институт осымен жас лейтенанттардың он алтыншы толқынын түлетіп отыр. Қазақстандық түлектермен бірге бүгін қырғыз елінің тоғыз және Тәжікстанның алты өкілі диплом алды.
«Институттың 170 курсанты мемлекеттік емтиханды сәтті тапсырды. Үш оқу озатына «Әскери оқу орнын үздік бітіргені үшін» төсбелгісі табысталды. Олардың есімдері Әскери институттың Құрмет тақтасына жазылады Мемлекеттік емтиханның қорытындысы офицер кадрларымыздың дайындық деңгейі жоғары екенін көрсетеді. 14 жас лейтенант шекара әскерінде қызмет етуге жіберіледі. Ұлттық ұланның жеке құрамы өзіне жүктелген міндетті әрдайым абыроймен орындады. Биылғы түлектер де өздеріне артылған сенімді ақтайды деген үміттеміз», - деді А.Маткәрімов.
Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің атынан жас офицерлерді аймақ басшысының орынбасары Айдарбек Сапаров, Ұлы Отан соғысының ардагері Степан Башкиров, Мәжіліс депутаты, генерал-лейтенант Абай Тасболатов және басқа да құрметті меймандар құттықтады.
Басқаларын қарау: Баспасөзге шолу
-
23.09.2016
-
15.09.2016
-
09.09.2016
-
08.09.2016