Баспасөзге шолу

06 маусым, 2016

Астанада «KADEX-2016» халықаралық қару-жарақ пен әскери-техникалық мүлік көрмесі аяқталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 5 маусым күні Астанада ҚР Қарулы Күштерінің авиациялық базасында IV халықаралық «KADEX-2016» қару-жарақ пен әскери-техникалық мүлік көрмесі аяқталды. Авиациялық базада ту түсірілді, бұл «KADEX-2016» көрмесінің жабылуын білдіреді, деп хабарлады ҚР ҚМ баспасөз қызметі.

Мыңдаған келушілер, ондаған қол қойылған келісімдер, ашық және жабық алаңдарда ұсынылған әскери техниканың жүздеген үлгілері, қазақстандық және шетелдік фототілшілермен түсірілген мыңдаған түсірілім. Мұның барлығы «KADEX-2016» көрмесі туралы адамдардың есіңде ұзаққа дейін сақталады.

4 күн ішінде қазақстандық және шетелдік қорғаныс-өнеркәсібі кешенінің күш-қуаты көрсетілді. Атап айтқанда, ZLIN оқу ұшақтары, C-295 жеңіл көлік ұшақтары, Су-30 СМ жойғыштары, Ми-171Ш тікұшақтары, ұшқышсыз ұшу аппараттары, «Арлан», «Барыс» броньдалған машиналары, жаңғыртылған танктер - осының барлығын және көптеген өзге де қызықтарды статика мен іс-қимылда көруге мүмкіндік болды.

Одан басқа, көрменің маңызды құрамдасы іскерлік бағдарлама, яки, халықаралық әскери ғылыми-техникалық конференция, тұсаукесерлер, дөңгелек үстелдер болды. Демонстрациялық және іскерлік бағдарламалар негізгі міндетке қол жеткізуге, яғни, қорғаныс-өнеркәсібі кешенін қарқынды дамытуға, инвестицияларды тартуға, жетекші халықаралық өндірушілермен әскери-техникалық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталды.

Ашық есік күндері, яғни, 4-5 маусымда көрмеге адамдар көптеп шоғырланды. Қазақстан мен өзге елдердің қорғаныс-өнеркәсібінің әлеуетін көру үшін қонақтар бүкіл отбасы болып жиналды.

Егер ересектер экспонаттардың техникалық сипаттамаларын зерделеп, қойылған үлгілерді салыстырса, балалар емін-еркін танктердің, броневиктердің, ұшақтар мен тікұшақтардың шынайы түптұлғаларын тамашалап, рахатқа бөленді.

Көрмені тамашалауға ниет білдіргендердің барлығы көрмеге автобуспен келуге мүмкіндіктері болды. Келушілердің қолжетімді бағаға тіске басар алып, әлденіп алулары үшін буфет және сауда дүңгіршектері жұмыс жасады. Көрме қонақтары үшін орталық әскери оркестрдің музыканттары плац-концерт қойып, құрмет қарауылы ротасы өз өнерлерін ортаға салды.

Іс-шараның ауқымдылығы броньды танкті техника, мейлі, қару-жарақтың өзге де түрлері болсын, олардың пайдалану ғана емес, сонымен бірге жауынгерлік қасиеттерін көрсетуге мүмкіндік берді.

Теги: KADEX
Дереккөз: http://www.kazinform.kz/
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама