Баспасөзге шолу

26 мамыр, 2016

Әскерилер алғаш рет тікұшақ арқылы түнгі жаттығу өткізді

Еліміздің Әскери әуе күштерінің ұшқыштары ерекше жаттығу өткізді. Алғаш рет жауынгерлік даярлықтарын тас-қараңғыда пысықтады.

Нұргүл Қонақбаева, тілші

-Қазір, міне, бірнеше минуттардан кейін әскери тікұшақ ауыр жүк тасымалдап, түнде ұшуға дайындалып жатыр. Бұл ұшу-жаттығу жұмыстарының мақсаты – түнде өрт бола қалған жағдайда оны сөндіруге дайындықты пысықтау.

Жаттығу жоспары бойынша Майбұлақ көлі жағасында өрт шықты. Тілсіз жауды түнгі уақытта ауыздықтау үшін МИ-17 әскери тікұшағымен арнайы жасақ көкке көтерілді.

Тікұшаққа аспалы су құюға арналған «Бемби» қондырғысы ілінген. Оған толтырылған көлдің суы әуеден себілді.

Ардақ Нұғыманов, эскадрилия командирі
-Ұшқыштарға ең қиындығы судың үстінде весение жасаған кезде вертолеттің қимылы көрінбейді. Орнында тұру керек. «Бембидің» сыйымдылығы үш жарым тонна. 8 секундтың ішінде 100-150 метр өртін сөндіруге болады.

Өрт аз уақытта сөндірілді. Мамандар жаттығудың сәтті өткізілгенін баяндады. Әскери тікұшақ осы кезге дейін пайдалану барысында бірде-бір рет істен шықпаған. Сондай-ақ, навигациялық және радиоэлектрондық қондырғы кешенімен жабдықталған. 6 мың шақырымға дейін жоғары жылдамдықта ұша алады. Мамандардың айтуынша, бұл әуе көлігімен әртүрлі жүктерді тасымалдауға болады. Жоғарыдан бақылау, іздестіру жұмыстарын орындауға да арналған.

Авторлары: Нұргүл Қонақбаева, Абылай Сейілбек

Дереккөз: http://khabar.kz
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама