• Қарулы күштердің 2020 жылғы ұраны "Қуатты армия - ел тірегі!"

Жаңалықтар

03 желтоқсан, 2019

Қазақстан әскерінде жаңа оқу жылы басталды

Қазақстан Қарулы Күштері әскер түрлерінің, тектері мен барлық әскери бөлімдері мен құрамаларында, өңірлік қолбасшылығында жаңа оқу жылының басталуына орай жеке құрамның салтанатты сапқа тұруы өтті. Жаңа кезең «Қуатты армия - Ел тірегі!» ұранымен басталады.

Сабақ қазақстандық әскердің өткен жылдағы жетістіктері мен қорытындысы, сонымен қатар жаңа тапсырмаларды айқындайтын мемлекеттік-құқықтық даярлықтан басталды. Жалпы 2020 жылдағы басым тапсырмалар әскерлерді жоғарғы жауынгерлік даярлыққа келтіруге, жеке құрамның жауынгерлік дайындығы мен далалық машығын жетілдіруге, бітімгерлік қызметті қамтамасыз етуге, сондай-ақ әскери қызметшінің мәртебесін арттыру мен әлеуметтік сұрақтардың түйінін табуға баса назар аударылады.  

Жауынгерлік даярлық мемлекеттің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді және алдыңғы оқу кезеңінде қол жеткізілген жауынгерлік оқу нәтижелерін ескере отырып жоспарланған.

Айта кетейік, 2019 жылы қазақстандық әскердің жеке құрамы 109 жедел және 50 000-нан аса жауынгерлік даярлық шараларына жұмылдырылды. 3 700-ден астам жауынгерлік ату мен тактикалық оқу-жаттығулар өтті. Оның 1 500-і түнде жүргізілді.

Әскерде бір жыл көлемінде 60 000-нан астам әскер тектері мен арнайы әскери мамандар дайындалды. Армияны техникалық жабдықтау аясында 2019 жылы жауынгерлік дөңгелекті машина, ұшақсыз ұшу аппараты кешені, 400-ден аса автомобильді және арнайы техника алынды. Жоспарлы түрде күрделі жөндеу жұмыстары, броньді танкілік және зымыран-артиллериялық қару-жарақтарды жаңғырту жүргізілді. Жұмыстар көбіне қазақстандық кәсіпорындарымен жүзеге асырылды.

312
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама
Президенттік жастар кадр резерві.
Мобильный ЦОН