• Қарулы күштердің 2020 жылғы ұраны "Қуатты армия - ел тірегі!"

Жаңалықтар

30 қараша, 2019

Әскери журналистика саласындағы жүлденің үздіктер марапатталды

Ұлттық әскери-патриоттық орталықта ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери журналистика саласындағы «Әскер Медиа – 2019» жүлдесінің жеңімпаздарын марпаттау рәсімі өтті. Қарулы Күштердің тыныс-тіршілігін жариялауда үздік деп танылған отандық және шетелдік журналистер мен блогерлердің есімі аталды.    

Шараға қорғаныс ведомствоның басшысы, Ақпарат және қоғамдық даму, сыртқы істер министрлерлігі, Парламент депутаттары, Қазақстан Қарулы Күштері ардагерлері, орталық телеарналар, баспа басылымдарының бас директорлары мен редакторлары, блогерлер және қоғам қайраткерлері қатысты.  

«Телевидениедегі үздік материал» номинациясы бойынша «Хабар» телеарнасының жүргізушісі Мырзабек Түсіпов жеңімпаз атанды.  Қазылар алқасының шешімімен «Радиодағы үздік материал» номинациясында Гүлбану Мұхтарқұлова. «Шетелдік БАҚ-тағы үздік материал» номинациясы бойынша Беларусь Республикасы Қорғаныс министрлігі «Во славу Родины» әскери газетінің корреспонденті Игорь Кандраль атанды. «Баспасөз БАҚ-тағы үздік материал» номинациясында «МК в Казахстане» газетінің тілшісі Алексей Мальченко жеңді. «Интернет БАҚ-тағы үздік материал» номинациясында «Tengrinews.kz»  ақпараттық агенттігінің корреспонденті Әсел Сатаева атанды. Фотокорреспондент Айтжан Мұрзанов «Үздік фото жұмыс» номинациясына ие болды. «Әскери тақырыпты жария ететін үздік блогер» номинациясында блогер Асқар Қаймақовтың жұмысы жоғары деңгейде деп бағаланды.

Үздік арнайы жобаны «Агентство Профи-С» ЖШС-нен Лимара Удасова дайындаған. «Ontustik» телеарнасынан Серғали Жарылқасынов «Өңірлік телевидениедегі үздік материал» бойынша жеңіске жетті. «Өңірлік радиодағы үздік материал» номинациясында «Атырау» радиосынан Нұркен Әмірашев жеңіске жетсе, «Өңірлік баспа БАҚ-тағы үздік материалға» «Жетісу» газетінің тілшісі Әнербай Мәулен ие болды. «Өңірлік интернет БАҚ-тағы үздік материал» номинациясында «TuranInfo» ақпараттық-агенттігінің тілшісі Дастан Исламбек марапатталды.

Лауреттарға дипломдар, естелік мүсіншелермен және бағалы сыйлықтар табыс етілді. Атап айтқанда шараның серіктесі «XFinity Solutions» компаниясының «AСER» ноутбуктары.

 Конкурстық жұмыстарды іріктеу кезінде барлық қатысушылар тең жағдайда болды. Бағалауда бастысы жұмыстың жоғары кәсіби деңгейі, тақырыптың өзектілігі және мазмұндау тілінің мәнерлілігі ескерілді.

Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі Ұлттық әскери-патриоттық орталығының өнерпаздарының мың бұралған бишілері мен күміс көмей әншілерінің гала-концертімен аяқталды.

Әскери журналистика саласындағы «Әскер Медиа» жүлдесі бұл - әскери тақырыпты жария етіп жүрегн журналистер мен блогерлерді қолдау үшін Қазақстан Қорғаныс министрлігі құрған бірегей алаң.

184
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама
Президенттік жастар кадр резерві.
Мобильный ЦОН