• Қарулы күштердің 2020 жылғы ұраны "Қуатты армия - ел тірегі!"

Жаңалықтар

27 қараша, 2019

Қазақстанның үшінші бітімгершілік ротасы миссиясын орындауға Ливанға келді

Қазақстандық бітімгершілік полкінің үшінші бітімгершілік ротасы «Ливандағы БҰҰ уақытша күштері» миссиясына қатысу үшін Ливанға келді. Бөлімшеде 120 әскери қызметші бар.

Қазақстанның өңірлік қолбасшылықтары мен Десанттық-шабуылдау әскерлерінің 120 әскери қызметшісінен құралған бөлімшені Үнді батальонының командирі Нараян Бати қарсы алды. Ол әскери қызметшілерге құттықтау сөз сөйледі:

«Бірінші және екінші бітімгерлік рота өз қызметтерін жақсы орындады. Сіздердің Үндістанда арнайы курстан өткендеріңізді білемін. Сіздер сияқты үздіктерді қарсы алу, мен үшін үлкен құрмет. Қазақстандық әскери қызметшілер Үнді батальонының құрамында тапсырма орындағаннан бастап, біз «ҮндБат» емес, ««ҮндҚазБат» деп атала бастадық. Сіздерді құттықтаймын және қызметтеріңізге сәттілік тілеймін», - деді.

Қазақстандық бітімгершілік ротасы Үнді батальонымен бірлесіп белгілі бір міндеттер шеңберін орындайды. Олардың негізгісі, «көк сызық» деп аталып кеткен, 16 шақырымды құрайтын ливан-израиль шекарасын  патрульдеу. Бітімгерлер күнделікті жағдайды нақтылап, блокпостарда қызмет атқарады, әскери базалардың күзетілуі мен күшеюі үшін жауап береіп, автономды патрульдерге шығады. Бітімгершілік контингентінің міндеттері қатарында-басқа елдердің бітімгершілік контингентінің өкілдерімен, сондай-ақ жергілікті халықпен достық қарым-қатынасты орнату. Үшінші бітімгерлік рота Ливанда 2020 жылдың мамырына дейін болады.

Аталмыш құрамға кіру үшін, әскери қызметшілер психологиялық тестілеу мен медициналық тексеруден өтіп, ағылшын тілінен тест тапсырады. Іріктеуден кейін халықаралық стандарттарға сәйкес әзірленген оқыту бағдарламалары бойынша, теориялық және тәжірибелік дайындықтан өтеді. Бітімгерлерді 6 және 3 ай көлемінде «Бейбітшілік жолындағы серіктестік» (КАЗЦЕНТ) оқу-жаттығу орталығының нұсқаушылары, минасыздандыру орталығының мамандары, бітімгершілік даярлық бойынша нұсқаушылар үйретеді. Қазақстан БҰҰ-ның Ливандағы миссиясына Үнді батальоны құрамында қатысатындықтан, Қазақстан мен Үндістанның екіжақты ынтымақтастық бағдарламасына сәйкес бірлескен сапарлар көзделген. Қазақстандық әскери қызметшілер Нью-Делиге бітімгершілік даярлық курсы аясында барады. Соңғы кезеңде Қазақстанға Үндістаннан мобильді жаттығу тобы келеді. Мамандар екі апталық сабақ курсын өткізеді. Бұдан кейін үнді бағалау тобы қазақстандық әскери қызметшілердің дайындығын бағалайды. Жөнелтілу алдында әлемдік денсаулық сақтау ұйымы хабарлағандай, бітімгерлер міндетті түрде вакцинациялаудан өтеді.

 

 Ескерту:

2018 жылдың қазан айынан бастап 2019 жылдың мамыр айына дейін Ливандағы БҰҰ миссиясына 120 әскери қызметшіден құралған алғашқы бітімгершілік рота қатысты. Ағымдағы жылдың мамыр айында оның орнына алты ай мерзімге екінші бітімгершілік рота жіберілді. 120 әскери қызметшіден құралған бөлімше осы жылдың мамыр айынан қараша айына дейін миссияда болды.

Қазақстандық бітімгерлер «Үнді батальоны құрамында қазақстандық бітімгершілік контингентін өрістету тәртібі туралы» Қазақстан мен Үндістан Үкіметі арасындағы өзара түсіністік туралы келісім негізінде үндістандық батальон (ҮНДБАТ) құрамындағы БҰҰ-ның Ливандағы миссиясына қатысады.

«Ливандағы БҰҰ уақытша күштері» миссиясының және үнді батальонының қолбасшылығы Қазақстан Қарулы Күштері әскери қызметшілерінің машықтарын және кәсібиліктерін жоғары бағалайды.

 

Анықтама:

«Ливандағы БҰҰ уақытша күштері» (ВСООНЛ немесе UNIFIL) – бұл БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 1978 жылғы 19 наурыздағы № 425 қарарына сәйкес Оңтүстік Ливанда, Израильмен шекарада орналастырылған және әрбір жарты жыл сайын уақытша мандатпен ұзартылатын Біріккен Ұлттар Ұйымының бітімгершілік күштері.

«Бейбітшілік жолындағы серіктестік» Оқу орталығы (ҚАЗОРТ) бітімгершілік және тілдік дайындық бойынша курстар өткізеді.

Қазорталық 2008 жылы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Шет тілдер Әскери институты базасында құрылды. Ол 2010 жылдың желтоқсанында оқыту және әріптестікті дайындау орталықтары қауымдастығының 19 мүшесі болып танылды.

226
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама
Президенттік жастар кадр резерві.
Мобильный ЦОН