• Қарулы күштердің 2020 жылғы ұраны "Қуатты армия - ел тірегі!"

Жаңалықтар

25 қараша, 2019

Офицерлер жауынгерлік тумен қоштасты

Қорғаныс министрлігінде қорғаныс ведомствосы басшылығының қатысуымен әскери тумен қоштасу салтанатты рәсімі өтті. Қазақстан Қарулы Күштерінің бірқатар офицерлерін запасқа шығарып салды.

Жауынгерлік тумен қоштасу-әрбір әскери қызметші үшін ерекше рәсім. Офицерлер кезекпен армияның абыройын, жауынгерлік дәстүрлерін бейнелейтін жауынгерлік тудың алдында бас иді.

Құрметті қарауыл ротасы мен ту ұстаушы тобының қатысуымен генерал-лейтенант Мұрат Майкеевті, генерал-майор Василий Рысбаевті, полковниктер Раушанбек Әбілдаев және Болат Қаракүшіковті запасқа шығару туралы бұйрық оқылды. Салтанатты іс-шара барысында офицерлердің әскери жолы, олардың басшы мен командир ретінде қалыптасуы, сондай-ақ еліміздің Қарулы Күштеріндегі жетістіктері туралы деректі фильм көрсетілді.

Генерал-лейтенант Мұрат Майкеев Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищесін, Фрунзе атындағы Әскери академияны бітірген. Әскери қызметін Германиядағы Кеңес әскерлері тобының әскер құрамында бастады, Байкал әскери округінде қызмет етті, 68-ші мотоатқыштар дивизиясы командирінің орынбасары болды, Құрлық әскерлерінің мотоатқыштар дивизиясын, Аэроұтқыр әскерлерін, Қазақстан құрлық әскерлерін басқарды. 2016 жылдан бастап Майкеев Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары - ҚР ҚК Бас штабының бастығы қызметін атқарды.

Генерал-майор Василий Рысбаев Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищесін және Фрунзе атындағы Әскери академияны бітірген. Ол Мәскеу және Қиыр Шығыс әскери округтерінде қызмет атқарды. Тәуелсіз Қазақстан Қарулы Күштерінің құрылуы кезінде офицер Отарда, Шымкентте, Алматыда, Үшаралда, Аягөз қаласында штаб бастығы және әскери бөлімдердің командирі болып қызмет етті. Аэроұтқыр әскерлері қолбасшысының орынбасары, «Астана» және «Шығыс» өңірлік қолбасшылықтарының қолбасшысы, Құрлық әскерлері бас қолбасшысының орынбасары қызметі жұмыстарын атқарды.

Полковник Раушанбек Әбілдаев Суворов әскери училищесін, Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищесін және ҚР Қарулы Күштерінің академиясын бітірген. Германиядағы Кеңес әскерлері тобының құрамында, Фрунзе атындағы Киев жоғары жалпы әскери командалық училищесінде қызмет етті. Бауыржан Момышұлы атындағы республикалық әскери мектебінде және ҚР ҚМ Кадрлар департаментінде кадрлық мәселелермен айналысты. Сонымен қатар, ол әскери полиция органдары мен аумақтық қорғаныс әскерлерінің құрылуы, білім беру мәселелерімен айналысты. 2017 жылдан бастап ҚР ҚМ Әкімшілік департаментін басқарды.

Полковник Болат Қаракүшіков Қазақстан Қарулы Күштерінде әскери полиция бөлімшелерінде, анықтау бөлімінің аға анықтаушы-инспектордан және жедел-іздестіру жұмыстары бөлімшесінің инспекторы лауазымдарынан бастап, ҚР ҚК Әскери полиция бас басқармасы бастығының орынбасарына дейін қызмет атқарды. 2016 жылдан бастап офицер ҚР ҚМ Заң департаментін басқарды.

155
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама
Президенттік жастар кадр резерві.
Мобильный ЦОН