• Қарулы күштердің 2020 жылғы ұраны "Қуатты армия - ел тірегі!"

Жаңалықтар

23 қараша, 2019

Әскери бөлімге аты аңызға айналған «Қара майордың» есімі берілді

ҚР Қорғаныс министрінің 04.09.2019 бұйрығымен Алматы қаласындағы Қазақстан Қарулы Күштері әскери бөліміне полковник Борис Керімбаевтың, аты аңызға айналған «Қара майордың» есімі берілді. Осылайша, әр ұрпақтың әскери қызметшілері үшін әскери борышты, ерлік пен ар-намысты орындаудың лайықты үлгісі болып табылатын қазақ офицерінің есімі мәңгі есте сақталмақ.

Борис Түкенұлы Керімбаев 1948 жылы 12 қаңтарда Алматы облысы, Прудки кентінде дүниеге келген. В. И. Ленин атындағы Ташкент жоғары командалық училищесін тәмамдаған. Офицерлік қызметін Германиядағы кеңес әскерінің құрамында мотоатқыштар вызводының командирінен бастап, Ортаазиялық әскери округте барлау ротасын, штабты басқарды, кейін мтотатқыштар батальонын.

1980 жылы Керімбаевті Эфиопияға жаяу әскер бригадасы командирінің кеңесшісі лауазымында шетелдік іссапарға жіберді. Дәл осы жылы ол Қапшағай қаласында құрылған арнайы мақсаттағы 177-ші жекелеген жасқатың командирі болып тағайындалды.

1981 жылы полковник Борис Керімбаев Ауғанстанға жіберілді. Оның жасағы моджехеттерге қарсы құрылған жауынгерлік іс-қимылдарға бірден кірісіп кетті. Офицер Панджер шатқалындағы совет әскерлері мен Ахмад Шах Масуда отрядтары қарсыларсының негізгі қатысушысы болып табылады. 1982 жылы оның басшылық етуімен жасақ ауғандық моджахедтердің құрылымдарын белгісіз мерзімге ішінара бақылау және бұғаттау үшін сол жерге қайта жіберілді.

8 айдан кейін тұрақты атыстардан, қоныстану операциялары мен рейдтерден саны жағынан басым болған қарсыласпен моджахедтердің басшысы уақытша бітімге келісуге мәжбүр болды. Нәтижесінде Кеңес әскерлеріне қарсы топтардың жауынгерлік іс-қимылдарының тоқтатылды. Бұл сөзсіз Керімбаевтың еңбегі болды.  1983 жылдың наурыз айында полковник Керімбаев барлық бөлімшелерді шатқалдан шығарды. Командеирге «Қара майор» лақап атын жеке жасағы қойған болатын.

Кейін офицер Қапшағай қаласындағы 22-ші арнайы мақсаттағы бригада командирінің орынбасары, 546-ші арнайы мақсаттағы оқу полкінің командирі болып қызмет етті. 1992 жылы денсаулық жағдайына байланысты Қарулы Күштерден полковник атағында босатылды.

2019 жылы 12 ақпанда ұзақ аурудан кейін Борис Керімбаев Алматы қаласында өмірден өтті.

Офицер «Қызыл Ту», «КСРО Қарулы Күштерінде Отанға қызмет еткені үшін» (3 дәрежелі), «Айбын» (1 дәрежелі) орденімен және мерейтойлық медальдармен марапатталды.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың қазан айында Халық Қаһарманы полковник Қасым Қайсеновтің есімі Өскемен қаласындағы әскери бөлімге, және де аты аңызға айналған қазақстандық генерал-майор Шәкір Жексенбаевтың есімі Тараз қаласындағы әскери бөлімге берілген болатын.

 

204
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама
Президенттік жастар кадр резерві.
Мобильный ЦОН