• Қарулы күштердің 2020 жылғы ұраны "Қуатты армия - ел тірегі!"

Жаңалықтар

23 қараша, 2019

«Батыс» Өңірлік қолбасшылығы жыл қорытындысын шығарды

 «Батыс» Өңірлік қолбасшылығы жауынгерлік даярлықты жетілдірудің, әскери мен құқықтық тәртіпті нығайтудың, әскери қызмет пен  күнделікті тіршілік ету мәселелерін жақсартудың негізгі бағыттары бойынша оқу-әдістемелік жиын өткізеді.

Атырау қаласының әскери бөлімдері базасында Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарының аумағындағы әскери бөлімдерден тұратын өңірлік қолбасшылықтың басшылық құрамымен оқу-әдістемелік жиындар өтуде.

Жиынға қатысушылар үшін жауынгерлік даярлықты ұйымдастыру пәндері бойынша сабақтар өткізіледі. Сондай-ақ, командирлер дене дайындығы бойынша сынақ тапсырып, топ бойынша әр түрлі сабақтарға қатысады.

 «Каработан» оқу полигонында әскери қызметшілер жауынгерлік машиналарды жүргізуді ұйымдастыру, әскери техниканы тиеу және тасымалдау, жауынгерлік атыстарды ұйымдастыру және қол гранатасын лақтыру тәртібі бойынша сабақтарға қатысады.

 «Жиындардың басты мақсаты – жауынгерлік дайындық іс-шараларын ұйымдастыру мен өткізуде командалық құрамның әдістемелік дағдыларын жетілдіру, әскери қызметтің мәселелерін жақсарту және 2019 оқу жылындағы өңірлік қолбасшылықтың жұмысын қорытындылау. Биылғы жыл жауынгерлік дайындық пен күнделікті өмір сүру тұрғысынан мазмұнды болды, үлкен жұмыстар атқарылды», – деп атап өтті «Батыс» Өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы полковник Нұрлан Алдияров.

Жиын соңында "Батыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің барлық бағыттар бойынша атқарған жұмыстары қорытындыланады.

142
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама
Президенттік жастар кадр резерві.
Мобильный ЦОН