• Қарулы күштердің 2020 жылғы ұраны "Қуатты армия - ел тірегі!"

Жаңалықтар

21 қараша, 2019

ҚР Қарулы Күштерде шығармашылық ұжымдар фестивалі өтті

Қазақстан Қарулы күштері шығармашылық ұжымының «Сарбаз сахнасы» жалпы әскери фестивалінің соңғы кезеңі елордада өтті. Түрлі өңірден келген 400 әскери қызметшілер өнерлерін ортаға салады.

Қатысушылар төрт номинация бойынша сынға түседі. Олар: вокал (жеке, ансамбль құрамында), аспапты ансамбль (үрмелі, соқпалы, фольклорлы), фотограф, суретші, көркем ою шеберлері мен басқалары қатысатын ерекше номерлер болды.

Қатысушы солисттер мен музыкалық ұжым қатысушылары әскери-патриоттық тақырыптағы отандық және шетелдік композиторлардың туындыларын орындады.

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығы екі номинация бойынша жеңімпаз атанды. Атап айтқанда, Жасұлан Тәжиев «Вокал» бойынша, «Жаңа ғасыр» фальклорлық-этнографикалық ансамбльі аспаптық орындауда. Ұжымдық бишілер арасында Құрлық әскерлері Әскери институтының «Семсер» би тобы үздік өнер көрсетсе, жеке орындауда бірінші орынды ҚР ҚК қызметкері, Ұлтық қорғаныс университетінен Сәния Жұлдыз қанжығасына байлады. Фестивальдің бас жүлдесіне «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскери бөлімінің «Талисман» би тобы ие болды.

Әр номинацияда жеңімпаздар мен гран-при иегеріне бағалы сыйлықтар, «Сарбаз сахнасы» бас мүсіні мен диплом табыс етіледі. Гала-концерт пен марапаттау рәсіміне Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР ҚК Бас штабының бастығы генерал-майор Мұрат Бектанов қатысты. Ол қатысушыларға сайысқа қатысқаны үшін алғыс білдіріп, шығармашылық табыс тіледі. 

«Қазақстан Қарулы күштері шығармашылық ұжымының «Сарбаз сахнасы» жалпы әскери фестивалінің басты мақсаты көркем өнерпаздардың кәсіби дамуына идеологиялық және мәдени-демалыс жұмыстарының тиімділігін арттыру, талантты әскери қызметшілерді анықтау болып табылады. Біз қатысушылардың өнерлерін толқыныспен бақылап, таланты мен шеберлігін бағалап, қолдау көрсетіп отырдық», - деді ол.

Шара соңында лауреттардың қатысуымен гала-концерт өтті.

ҚР Қарулы күштердің шығармашылық ұжымы өткізетірн «Сарбаз сахнасы» бүкіл армиялық фестивальі жыл сайын төрт кезеңде өткізіледі. Атап айтқанда, Қарулы күштердің өңірлік қолбасшылықтарында, тектері мен түрлерінде, роталар, ботальондар мен бригадалар деңгейінде.

Айта кетейік, ҚР Қорғаныс министрінің бастамасымен осы жылдан бастап, Қарулы Күштердегі «Жас Ұлан» әскери әндер фестивалі екі конкурсқа бөлінді. Олар Қарулы күштері шығармашылық ұжымының «Сарбаз сахнасы» жалпы әскери фестивальі және рсепубликалық «Жас Сарбаз» әскери-патриоттық әндер фестивалі. 

78
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама
Президенттік жастар кадр резерві.
Мобильный ЦОН