• Қарулы күштердің 2020 жылғы ұраны "Қуатты армия - ел тірегі!"

Жаңалықтар

22 қазан, 2019

ҚР Қорғаныс министрі Бейжің «Сяншань» форумының пленарлық отырысында сөз сөйледі

Қазақстан Қорғаныс министрінің Қытай Халық Республикасына жұмыс сапары жалғасуда. Ол «Сяншань» қауіпсіздік мәселелері бойынша IX  Бейжің форумында сөз сөйледі.

Форумның пленарлық отырысындағы баяндамасында қорғаныс ведомствосының басшысы қару-жарақ пен жаһандық қауіпсіздікті халықаралық бақылау жүйесіне қатысты ой-пікірімен бөлісті.

«Тәуелсіздік жылдарында еліміз көршілік пен ынтымақтастық белдеуін құрды, Азиядағы сенім шаралары мен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің құрылуына бастама танытты,  ШЫҰ құрылтайшыларының біріне айналды. Азияның қауіпсіздігін қамтамасыз жолдарын кіріктіру жөніндегі жұмысты біртұтас етіп жалғастыруды қажет деп санаймыз. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай «бүгін біз өкінішке орай, әртүрлі екіжақты альянстардың, өңірлік және субөңірлік институттардың алуан түрін көріп отырмыз», - деді ол.

Министр ғарышта, Әлемдік мұхит пен Арктикадағы бейтарап суларда қару-жарақты орналастыруға тыйым салу туралы «Әлем. ХХІ ғасыр» манифестінде атап өтілген Елбасы бастамаларының маңыздылығын, сондай-ақ жаппай жою қаруының жаңа түрлерін құру үшін ғылыми жаңалықтарды пайдалануға тыйым салу туралы атап өтті.  

«Өңірлік және жаһандық тұрақтылық көбінесе келісілген іс-қимылдарымызға байланысты болады. Сондықтан бірлескен шешімдерді іздестіру және теріс үрдістер мен қауіп-қатерлерге тойтарыс беруді тереңдету қажет», - деп Нұрлан Ермекбаев ойын түйіндеді.

Қытайға жұмыс сапары барысында Министр қытайлық әріптесі ҚХР ұлттық қорғаныс министрі генерал-полковник Вэй Фенхэмен кездесті.

Қорғаныс ведомстволарының басшылары әскери саладағы екіжақты ынтымақтастық бағыттарын, бірлескен оқу-жаттығуларға қатысу, кадрларды дайындау, сондай-ақ әскери-техникалық өзара іс-қимылды талқылады. Министр қытайлық әріптесін Бейжің форумына қатысуға шақырғаны үшін алғыс білдірді.

Одан басқа, Қорғаныс министрі «CATIC» қытай ұлттық аэроғарыш импорттық-экспорттық корпорациясына және қосалқы бөлшектерді сақтауға арналған автоматтандырылған қоймаға барды.

127
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама
Президенттік жастар кадр резерві.
Мобильный ЦОН