• Қарулы күштердің 2020 жылғы ұраны "Қуатты армия - ел тірегі!"

Жаңалықтар

21 қазан, 2019

Қазақстандық әскери қызметшілер Беларусьтегі әскери оқу-жаттығуда медальдармен марапатталды

Беларусьте ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің барлау күштері және құралдарымен «Іздестіру-2019» арнайы оқу-жаттығуы өз мәресіне жетті. Оқу-жаттығудың шешуші эпизодынан кейін «Обуз-Лесновский» полигонында үздік қатысушыларды марапаттау және салтанатты жабылу рәсімі өтті.

Оқу-жаттығудың міндеттерін орындау барысында ерекше көзге түскен әскери қызметшілер медальдармен, құрмет грамоталарымен марапатталды және бағалы сыйлықтарға ие болды. Қазақстан Қарулы Күштерінің 5 әскери қызметшісі «Халықаралық ынтымақтастықты нығайтқаны үшін», 13-і грамоталар мен құнды сыйлықтарға ие болды.

Одан басқа, оқу-жаттығу басшылығы барлауды басқару пунктінде жұмыс жасаған қазақстандық офицерлерді, сондай-ақ арнайы мақсаттағы топты атап өтті. Қазақстандық арнайы бөлімшелер орманды жерде жоғары кәсіпқойлықтары мен мен шебер іс-қимылдарын көрсетті.

«Іздестіру-2019» арнайы оқу-жаттығуы Беларусьте бірден төрт әскери полигонда өткенін айта кеткен жөн. Оған 2000 әскери қызметші қатысты. ҰҚШҰ, яғни, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей мен Тәжікстан елдерінің бөлімшелері және ҰҚШҰ Біріккен штабының жедел тобы заңсыз қарулы құралымдарды жою бойынша бірлескен арнайы операцияларға дайындалу және өткізу мәселелерін пысықтады.

Енді алты елдің бөлімшесі өздерінің ұдайы орналасу орындарына оралуда.

Келесі жылы халықаралық оқу-жаттығу Армения аумағында өтетіні белгілі болды.

98
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама
Президенттік жастар кадр резерві.
Мобильный ЦОН