• Қарулы күштердің 2019 жылғы ұраны "Рухани жаңғыру - жауынгерлік рух тірегі"

Жаңалықтар

17 қазан, 2019

Үндістан делегациясы қазақстандық әскери институтта болды

Алматыда Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтына Үндістан делегациясы келді. Оның құрамында Үндістанның Қазақстандағы әскери атташесі – полковник Милан Наладваде, әскери-әуе күштерінің өкілі – авиация полковнигі Анил Кумар Натур Гураджани, сондай-ақ  ӘӘК College of air Warefare жетекші оқу орнының офицерлері болды.

Жұмыс сапары аясында Үнді офицерлері қазіргі заманғы оқу-материалдық базамен және оқыту жүйесімен танысты, әскери институттың аудиториялары мен сыныптарын қарап шықты, онда оларға әскери техника мен қару-жарақ үлгілері көрсетілді.

Қазақстандық әскери институт өкілдері шетелдік қонақтарға Қазақстандағы жоғары әскери білім, оқу орнының даму болашағы, жоғары оқу орнының білім беру және ғылыми әлеуеті туралы айтып берді. Шетелдік қонақтар өздерін қызықтырған барлық сұрақтарға жауап алды, сондай-ақ әскери институттың мұражайында болды. Үндістан делегациясының жетекшісі құрметті қонақтар кітабына естелік жазба қалдырды.

Шетелдік өкілдер әскери-инженерлік институт оларға оң әсер қалдырғанын айтты. Үнді делегациясы өзара ынтымақтастықты жалғастыруға және дамытуға сенім білдірді, сондай-ақ әскери оқу орнының басшылығына қонақжайлығы үшін алғыс білдірді.

Радиоэлектроника және байланыс Әскери-инженерлік институты зениттік зымыран, радиотехникалық әскерлер, авиацияны радиотехникалық қамтамасыз ету байланыс бөлімдері үшін білікті офицерлерді, сондай-ақ әскерлер мен қару-жарақты басқарудың автоматтандырылған жүйелерінің инженерлерін даярлайтынын атап өткен жөн. Офицер-радиоинженерлерді даярлау 5 мамандық бойынша жүргізіледі. 18 жыл ішінде ЖОО еліміздің Қарулы Күштері үшін 1730 лейтенант – білікті әскери мамандарды даярлады.

122
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама
Президенттік жастар кадр резерві.
Мобильный ЦОН