• Қарулы күштердің 2020 жылғы ұраны "Қуатты армия - ел тірегі!"

Жаңалықтар

05 қазан, 2019

«Жас ұлан» әскери мектептерінің тәрбиеленушілері салтанатты түрде ант қабылдады

Бүгін Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент және Қарағанды қалаларының барлық "Жас ұлан" республикалық әскери мектептерінде тәрбиеленушілер ұлан антын қабылдады. Салтанатты іс-шараға Қарулы Күштердің ардагерлері, тәрбиеленушілердің ата-аналары қатысты.

Елордамыздағы армия генералы С.Қ.Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебіне қабылданған 237 тәрбиеленуші салтанатты түрде ант қабылдады. Дәстүр бойынша ұландар Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

Іс-шара ұландарды алаңға тұрғызудан және мектеп туын кіргізуден басталды. Әскери мектеп тәрбиеленушілерінің маңызды оқиғасымен ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Тимур Дәндібаев құттықтады.

 «Сіздер әрқашан тек кәсіпқой әскери қызметшілер ғана заманауи Армияның негізін құрайтындығын есте сақтауларыңыз қажет. Жас болғандарыңызға қарамастан, сіздер дұрыс жолды таңдадыңыздар. Адамның есеюі қоғамда өз орнын табумен, бастысы болашақ мамандықты таңдауға қатысты келгенде тікелей байланысты. Бұл үдерістің қалай өтетінінен сіздердің алдағы тағдырларыңыз белгілі болады» - деп атап өтті.

Өз алдына ұландар ант берді: «Мен әскери мектеп тәрбиеленушісінің ары мен абыройын ардақтауға, мүлтіксіз тәртіп пен әскери кішіпейілдік ережелерін сақтауға, бар ынтаммен Отанымыз – Қазақстан Республикасын қорғауда өзімді дайындауға ант етемін».

Салтанатты іс-шараның соңында барабаншылар ротасының ұландары барабандарымен дефиле көрсетсе, 4-ші оқу ротасының тәрбиеленушілері қоян-қолтық ұрыс тәсілдерін, ал 2-ші оқу ротасының ұландары қарумен өз қойылымдарын паш етті.

Бұдан кейін ата-аналар мен келген қонақтар әскери мектептің оқу-материалдық базасымен, сондай-ақ тұрғылықты жағдайымен танысты.

Ант беру уәдесін Шымкент қаласы мектебінің 200-ден аса ұландары да қабылдады. Тәрбиеленушілер әскери мектептің аты берілген Кеңес Одағының Батыры Сабыр Рақымовтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Сондай-ақ бұл күні Кеңес Одағының екі мәрте батыры Т. Бигелдинов атындағы Қарағанды «Жас ұлан» республикалық мектебінің 225 ұланы ант қабылдады.

Білім алушылар стандартты мектеп сабақтарымен қатар әскери пәндерді, оның ішінде жалпыәскери тактиканы, байланыс негіздерін, саптық дайындықты, жалпыәскери жарғыларды және т.б. меңгеретіндігін айтып өткен жөн. Ұландар әскери пәндердің сыныптарындағы әскери техника мен қару-жарақтың үлгілері бойынша зерттелетін материалды іс жүзінде бекіте алады.

237
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама
Президенттік жастар кадр резерві.
Мобильный ЦОН