• Қарулы күштердің 2019 жылғы ұраны "Рухани жаңғыру - жауынгерлік рух тірегі"

Жаңалықтар

02 қазан, 2019

ҚР Қарулы Күштерінде психологиялық іріктеу сапасы мен офицер-психологтардың біліктіліктерін арттырады

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінде әскери қызметшінің психологиялық жағдайын сақтау сұрақтары бойынша ведомствоаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Шараға Қазақстан Қаруы Күштері түрлерінің қолбасшылары, олардың және өңірлік қолбасшылықтардың, әскер тектерімен, тәрбие және идеологиялық жұмыстар бойынша әскери бөлімдердің орынбасарлары, сондай-ақ офицер-психологтар қатысты.

Бұдан басқа, ғылыми-зерттеу институттары мен ЖОО-нан психология саласындағы мамандар, Мемлекеттік күзет қызметінен, Шекара қызметі мен Ұлттық ұланнан өкілдер шақырылды.

Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР ҚК Бас штабының бастығы генерал-майор Мұрат Бектановтың басшылығымен өткен конференция барысында әскери қызметшілердің психологиялық денсаулығына байланысты сұрақтар талқыланды. Сонымен қатар тұрақсыз жағдайларды анықтау үшін зерттеудің жаңа тәсілдері мен заманауи техникалық құралдарды қолдану мүмкіндіктері қаралды.

Генерал-майор Мұрат Бектанов атап өткендей, басты мақсат – тұрақсыз жағдай мәселелерін шешуде бір түсінікке келіп, себеп-салдар байланысын орнату және мемлекет пен қоғамнан қолдауды қосқандағы тиімді жауап қайтару шаралар жүйесін бірлесе пысықтау.

Конференция қорытындысы бойынша қатысушылар, әскери қызметшілердің психологиялық іріктеу спасының және психологиялық тесттарды  жақсарту қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар әскери бөлімдер мен мекемелерде офицер-психологтардың біліктілігін жоғарлату талап етіледі. Болашақта бұның барлығы әскери қызметшінің психикалық және психологиялық денсаулықтарында ауытқу жағдайларын төмендетуге өз септігін тигізеді деп күтілуде.

146
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама
Президенттік жастар кадр резерві