• Қарулы күштердің 2019 жылғы ұраны "Рухани жаңғыру - жауынгерлік рух тірегі"

Жаңалықтар

30 қыркүйек, 2019

100-ден аса мерзімді қызметтегі әскери қызметші алғаш рет парашютпен секіруді орындады

Талдықорған гарнизонында 100-ден аса мерзімді қызметтегі әскери қызметші Ми-17 тікұшағынан өздерінің алғашқы парашютпен секіруін орындады. Олардың барлығы парашютпен секіру, жауынгерлік дайындық бағдарламасының айнымас бөлігі болып табылатын Десанттық-шабуылдаушы әскерде қызмет атқаруда.

Бір ай көлемінде бірінші десанттық-шабуылдаушы батальонының мерзімді қызметтегі әскери қызметшілері арнайы кешенде бастапқы
әуе-десанттық дайындықтан өтті. Олар парашют жүйесінің құрылымын, оның тактикалық-техникалық сипаттамаларын, негізгі және қосымша парашютті салудың ретін, сондай-ақ жерүсті секіру элементтерін пысықтауды орындады.

Әуе-десанттық дайындық бойынша бірінші десанттық-шабуылдаушы батальоны командирінің орынбасары майор Данияр Сыздықов атап өткендей, секіру алдында әрбір әскери қызметшінің моральды-психологиялық жағдайы тексерілді. Себебі секіруге рұқсат алу үшін, психологиялық дайындықтан өту ең маңызды шарт болып табылады.

Қатардағы мерзімді қызметкер Жақсылық Маккемаден – бұл күні нағыз әскери десантшыға тән алғашқы парашютпен секіруін орындады.

«Бұл ерекше сезім, аспанмен астасқандай әсерде қаласың. Тікұшақ бортында қорқыныш қуанышқа ұласты. Мен аспанға көтерілдім. Бойымды адреналин шарпып, жан-дүниеңді де алып ұшқандай болады. Парашют ашылды. Енді міне, мен нағыз десантшы атандым» – деп бірден жерге түскеннен кейінгі сезімдерімен бөлісті.

Дайындық жоспарына сәйкес Десанттық-шабуылдаушы әскердің мерзімді қызметтегі әскери қызметшілердің жас толымдары кем дегенде екі рет парашюттен секіруді орындайды. Біріншісін жүзеге асырғанымен, ендігі кезекте десантты дайындаудағы маңызды бөлігі болып табылатын қарумен секіруді орындауға тура келеді.

177
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама
Президенттік жастар кадр резерві