• Қарулы күштердің 2019 жылғы ұраны "Рухани жаңғыру - жауынгерлік рух тірегі"

Жаңалықтар

19 қыркүйек, 2019

ҚР ҚК бұрынғы әскери қызметшілері елордадағы жаңа үйге көшті

Бүгін, 2019 жылдың 19 қыркүйегінде Қазақстан Қарулы Күштердің қатарында бұрын қызмет еткен әскери қызметшілерге елордада пәтерлердің кілті берілді. Бүгінгі таңда Қазақстан әскерінде жүргізіліп жатқан ауыстыру бағдарламасы аясында 12 әскери қызметшінің отбасылары жеке тұғын үйге қол жеткізді.

Әскери қызметшілердің барлығы ҚР Қарулы Күштерінде 10 жылдан 20 жылға дейін қызмет еткен. Осыған дейін олар отбасыларымен бірге Қазақстанның әртүрлі аймақтарында қызметтік пәтерлерде тұрған. Олар: Ақтөбе, Жамбыл және Алматы облыстары, Алматы, Аягөз, Жаркент қалалары және Жетіген кенті.

Бүгінгі күнде қызметін аяқтаған әскери қызметшілердің тұрғын үй мәселелерін шешу үшін баспанамен алмасу бағдарламасы жұмыс істейді. Бағдарлама аясында жекешелендірілмейтін қызметтік пәтерді қаладағы пәтерге жекешелендіріп, оны қалдық бағамен жекеменшік етуге болады. ҚР Қорғаныс министрлігі ресми сайтының «тұрғын үймен қамтамасыз ету» бөлімінде алмасуға қолжетімді пәтерлер тізімі, сондай-ақ қажетті құжаттардың тізімі мен іс-әрекет алгоритмі көрсетілген. Алмасуға ұсынылған пәтерлердің құрылыс жылдары мен ауданы бойынша бөлінген, бұдан қалдық бағасы өзгереді. Көп жағдайларда қалдық бағасы нарықтағы бағадан екі немесе бірнеше есе төмен болады. Қазіргі таңда Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында, сондай-ақ Алматы, Жамбыл, Атырау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Қызылорда, Ақмола және Қостанай облыстарында пәтер ауыстыруға қол жетімді.     

Қазіргі кезде аталмыш бағдарламаны 100-ден астам отбасы қолданған. Бұл ретте 664 бұрынғы әскери қызметші жабық және оқшауланған әскери қалашықтарда тұрып жатыр, сондай-ақ ауыстыруға құқығы бар. Олардың барлығы әскерде 10 жылдан 20 жылға дейін қызмет етіп, 2018 жылдың 1 қаңтарына дейін Қазақстан әскерінің қатарынан кеткен.   

2020 жылы ақысыз жекешелендіру құқығы орнына ақшалай өтемақы төлемін бастау жоспарлануда екендігін айта кеткен жөн. Оны жабық және оқшауланған әскери қалашықтарда тұратын, әскерде 20 және одан да көп жыл қызмет еткен, 2018 жылға дейін қызметін аяқтаған бұрынғы әскери қызметшілер алады.

Ескерту: Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде 10 жылдан 20 жылға дейін қызмет еткен және 2018 жылы 1 қаңтарға дейін Қазақстан армиясының қатарынан кеткен бұрынғы әскери қызметшінің тұрғын үй мәселесін шешу үшін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі тұрғын үй заңнамасына өзгерістер енгізу туралы бастама көтерді.

2018 жылғы 1 қаңтарда «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 55-бабының 6.1-тармағына өзгерістер енгізілді, оған сәйкес әскери қызметшілердің осы санаты үшін тұрғын үйді мемлекеттік тұрғын үй қорынан айырбастау қарастырылған.

155
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама
Президенттік жастар кадр резерві