• Қарулы күштердің 2019 жылғы ұраны "Рухани жаңғыру - жауынгерлік рух тірегі"

Жаңалықтар

18 қыркүйек, 2019

Ресей полигонында қазақстандық әскери қызметшілердің қатысуымен «Орталық-2019» халықаралық оқу-жаттығулары өтуде

Орынбор облысының «Донгуз» полигонында «Орталық-2019»  стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығулары жүргізілуде.

Аталмыш шараға Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан елдерінің әскери қызметшілері қатысуда. Бөлімшелер бірнеше тактикалық эпизодтарды орындады. Оның негізгі мақсаты үйлестіру сұрақтары мен халықаралық терроризммен күресте әскерлердің іс-қимылдарының үйлесімділігін пысықтау және Орталық Азия өңіріндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету болып табылады.

Тәжірибелік қимылдарды жүргізу үшін полигонға 20 мың бірліктен астам әскери техника мен қару-жарақтар, 600 шамасында ұшу апараттары тартылды. Оқу-жаттығу 16-21 қыркүйек аралығында өтеді.   

Шанхай ынтымақтастық ұйымы  шеңберіндегі  халықаралық уағдаластыққа сәйкес оқу-жаттығу өз мәресіне жеткен соң Қазақстанның аумағы арқылы теміржол көлігімен және әуе маршруттары бойынша ұдайы орналасу орындарына Қытайдың әскери контингенті ілесіп жүретінін айта кету қажет.

Теміржол транзитінің бағдары Шығыс Қазақстан және Алматы облыстары арқылы өтеді.

Қазақстан аумағы бойынша әскери техника Қазақстан армиясы әскери қарауылының ілесіп жүруімен ашық теміржол платформасында тасымалданады. Осы шарттар әскери контингенттің транзитін ұйымдастыру жөніндегі келіссөздер хаттамасында көзделген.

241
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама
Президенттік жастар кадр резерві