• Қарулы күштердің 2019 жылғы ұраны "Рухани жаңғыру - жауынгерлік рух тірегі"

Жаңалықтар

17 қыркүйек, 2019

Елордада үздік әскери оркестрлер музыкалық шеберліктен сынға түседі

Қазақстанның елордасында ҚР Қарулы Күштері мәдени бос уақыт орталықтары әскери оркестрлерінің, дирижерлері мен музыканттары байқау-конкурсының шешуші кезеңі өтуде.

Әртүрлі өңірлік қолбасшылықтардың, оқу орындары мен қазақстандық армия әскери бөлімдерінің намысын қорғайтын сегіз әскери оркестр құрамында 140-тан астам әскери музыкант өздерінің музыкалық шеберліктерін паш етеді.

Қатысушылар екі санат бойынша сынға түседі: 18-35 музыканттан құралған әскери оркестр және құрамында 16 музыкантқа дейінгі әскери оркестр. Оркестрлер ҚР Мемлекеттік әнұранын, үш сапта және қарсы марштарды, әскери-патриоттық тақырыпта саптық әнді, сондай-ақ ерікті бағдарламада – ұзақтығы 10 минутқа дейінгі оркестрлер дефилесі мен 20 минуттан аспайтын концерттік репертуарды орындайды. Шығармаларды ұжымдар өздері таңдайды. Бұл ретте концерттік репертуарда қазақстандық сазгердің  кем дегенде бір туындысы болуы тиіс.    

Музыкалық аспаптарда ойнау дағдыларынан басқа байқауда оркестр жеке құрамының сыртқы келбеті мен әскери дирижердің шеберлігіне, бір орында және қозғалыста музыкалық аспаптармен саптық амалдарды орындау шеберліктеріне баға беріледі.

Сайыс Нұр-Сұлтан қаласы Десанттық-шабуылдау әскерлерінің әскери бөлімінде, сондай-ақ ҚР ҚК Ұлттық әскери-патриоттық орталығының концерт залында өтеді.

Тағы бір жанды қойылымды елорда қонақтары мен тұрғындары «Хан шатыр» сауда ойын-сауық орталығында тамашалай алды. Әскери музыканттар қазақ сазгерлерінің туындылары мен қазақтың халық әндерін, сонымен қатар батыстық және голливудтық әуендерді орындады.  Соның ішінде, АВВА тобының танымал әндері «Gold», «I love rock n roll», «September», сондай-ақ сазгер А.Бестібаевтың «Азия дауысы» туындысы. 

ҚР ҚК Орталық әскери оркестрінің бастығы капитан Алмас Ибрагимовтің төрағалық етуімен кәсіби әділқазылар алқасы  жеңімпаздарды анықтап, байқаудың өту барысын қадағалайды. Олардың құрамына аға әскери дирижер капитан Данияр Бөлтіріков пен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері, әскери музыканттар кірді.

Конкурстың қорытындысы 20 қыркүйекте белгілі болады. Әр санаттағы жеңімпаздар мүсіншелермен, дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады. Одан басқа, әділқазылар Бас жүлде иегерін, әр сайыс күніндегі үздік әскери дирижер мен музыканттарды анықтайды.

Іс-шара соңында сайыс жеңімпазының, байқау-конкурсы лауреаттарының, Қазақстан Қарулы Күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығының Орталық әскери оркестрі және Орталық ансамблінің қатысуымен гала-концерт өтеді.

199
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама
Президенттік жастар кадр резерві