• Қарулы күштердің 2019 жылғы ұраны "Рухани жаңғыру - жауынгерлік рух тірегі"

Жаңалықтар

13 қыркүйек, 2019

ҚР Қорғаныс министрі Өзбекстанға ресми сапармен келді

Сапар Ташкентте Қазақстанның Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев пен Өзбекстанның қорғаныс ведомство басшысы  Баходир Құрбанов арасындағы ресми кездесумен басталды.  Келіссөз барысында  тараптар әскери ынтымақтастықтың болашақ  бағыттарын талқылады және «Қалқан-2019» бірлескен тактикалық арнайы оқу-жаттығуының белсенді фазасы өткен «Шыршық» полигонына барды.

«Өзбекстан Республикасы – өңірдегі, оның ішінде, қорғаныс саласындағы Қазақстанның негізгі серіктесі болып табылады. Жауынгерлік даярлық, кадрларды даярлау, сондай-ақ бірлескен іс-шараларға қатысу сияқты салалардағы елдеріміздің Қарулы Күштері арасындағы ынтымақтастық екі тараптың да мүдделеріне сай келеді» - деді ҚР Қорғаныс министрі әріптесімен кездесу барысында.

Қорғаныс ведомстволарының басшылары Ұлы Отан соғысында қаза болғандарды еске алуға арналған «Азалы ана» монументіне гүл шоқтарын қойды.

Сапардың жалғасы ретінде министрлер «Шыршық» полигонына келді. Онда «Қалқан – 2019» бірлескен тактикалық арнайы оқу-жаттығуының  белсенді фазасы басталды. Олардың негізгі мақсаты - бірлескен терроризмге қарсы операцияларға дайындалу мен оны өткізуде  тәжірибе алмасу, сондай-ақ екіжақты әскери ынтымақтастықты дамыту және жауынгерлік бауырластықты нығайту.

Сценарий бойынша әскери қызметшілердің басты міндеті заңсыз қарулы құралымды анықтау және жою бойынша бірлескен операцияны сәтті жүргізу болды.

Шартты қарсыласты жою үшін авиация бөлімшелерге әуеден қолдау көрсетті.

Қазақстанның Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев пен  Өзбекстан  қорғаныс ведомствосының басшысы Баходир Құрбанов екі ел әскери қызметшілерінің кәсіпқойлығы мен бөлімшелер іс-қимылының үйлесімділігіне жоғары баға берді. 

Ағымдағы жылдың сәуір айында екі ел арасында әуе шабуылына қарсы қорғаныс саласындағы ынтымақтастық туралы, сондай-ақ Қазақстан және Өзбекстан Қарулы Күштерінің әскери аэродромдарында әскери әуе кемелерін қабылдауды, аэродромдық-техникалық қамтамасыз етуді және күзетуді ұйымдастыру туралы келісімге қол қойылғанын айта кеткен жөн.

286
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама
Президенттік жастар кадр резерві