• Қарулы күштердің 2019 жылғы ұраны "Рухани жаңғыру - жауынгерлік рух тірегі"

Жаңалықтар

11 қыркүйек, 2019

Әуедегі ұрыс, зымырандардың іске қосылуы – Қарағанды облысындағы ҚР ҚК-нің оқу-жаттығуы

Жойғыштар мен шабуыл ұшақтардың тойтарысы, экипажды құтқару, авиациялық зымырандардың іске қосылуы – Қарағанды облысының «Сарышаған» полигонында «Жауынгерлік достастық – 2019» тактикалық оқу-жаттығуының ең көзтартар белсенді фазасы өтті. ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев әскери қызметшілердің дайындығы мен кәсіпқойлық деңгейіне баға беруге келді.

Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері мен авиациясына  шартты қарсыластың нысаналарын жою жөнінде тапсырма берілді. Ми-35М жауынгерлік тікұшақтары озық  радиотехникалық бөлімшелер,  Су-30СМ жойғыш ұшақтары, басқару пункттері, әуеайлақтар мен шартты қарсыластың  әуе шабуылына қарсы қорғаныс құралдары бойынша әуе соққысын жасады, ал Су-25 шабуылдаушы материалдық-техникалық қамтамасыз ету қоймаларын жойды. Жаппай шабуылды МиГ-31Б жойғыш ұшақтары жалғастырды. Бүгінгі таңда бұл әлемдегі ең жылдам жауынгерлік ұшақтардың бірі болып табылады. Жойғыш ұшақ сағатына 3000 км жылдамдыққа дейін ұшып, стратосфера қабатына көтеріле алады.

Жердегі және әуедегі нысаналарды жою үшін авиация «әуе-жер» және «әуе-әуе» класындағы басқарылатын және басқарылмайтын авиациалық зымырандарды, ретке келтірілетін авиациялық және жарқыншақты-фугасты бомбаларды қолданды. Әуе ұрысын жүргізуден басқа ұшқыштар сценарий бойынша апатқа ұшырап, істен шыққан ұшақ экипажын құтқаруды пысықтады.

Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері оқу-жаттығудың белсенді фазасы барысында қанатты зымыранға тосқауыл жасауды, сондай-ақ С-200, С-300, С-75, С-125, «Круг» және «Куб» зениттік-зымыран кешендерінің жауынгерлік мүмкіндіктерін паш етті.

Әскери қызметшілердің дайындық деңгейі мен шеберліктеріне баға беруге ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев келді. Ол қатысушыларды қарсы алып, Армения, Беларусь, Ресей, Тәжікстан, Қырғызстан және Өзбекстан Қарулы Күштерінің басшылығына алғыс білдірді. Сонымен қатар шеберліктің жоғары деңгейін атап өтіп, достастық армиялардың әскери қызметшілеріне ашық аспан тіледі.

«Жауынгерлік достастық-2019» халықаралық оқу-жаттығуы Ресей мен Қазақстанның әскери полигондарының аумағында өткізілгенін естеріңізге сала кетейік.

«Сарышаған» полигонындағы оқу-жаттығуға Әуе қорғанысы күштерінің барлық әскери бөлімдері, әуе шабуылына қарсы қорғаныстың техникасы мен қару-жарағы, Қазақстан Әскери-әуе күштерінің авиациясы тартылды. Одан басқа, алғаш рет аталмыш оқу-жаттығуға Қырғызстан ӘШҚҚ әскерлерінің жауынгерлік есептоптары қатысты.

176
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама
Президенттік жастар кадр резерві