• Қарулы күштердің 2019 жылғы ұраны "Рухани жаңғыру - жауынгерлік рух тірегі"

Жаңалықтар

11 қыркүйек, 2019

ҚР Қорғаныс министрі Армиялық халықаралық ойындары-2019 жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады

ҚР Қорғаныс министрлігінде V Армиялық халықаралық ойындары-2019 жеңімпаздары мен жүлдегерлерін салтанатты түрде марапаттау мен құттықтау рәсімі өтті.

Қорғаныс министрінің басшылығымен өткен салтанатты шараға Қорғаныс министрлігі мен Бас штабтың басқару құрамасы, Қарулы Күштердің әскер тектері қолбасшылары мен түрлерінің бас қолбасшылары, бөлімшелер құрылымының басшылары қатысты.

Қорғаныс ведомствосының басшысы марапаттау жүлделерін әскери салада жеке және командалық есепте үздік өнер көрсеткен, кәсібилігін дәлелдеген 13 әскери қызметшіге табыстады.

«I дәрежелі Ел қорғаны» ведомство медалі «Авиадартс» халықаралық сайысының майдандық авиациясының ұшқыштары майор М.Дәулетбаев пен Д.Коробкинге, «Әскери-медициналық эстафета» қатысушысы дәрігер-хирург медициналық қызметінің капитаны А.Танатароваға, «Сұңқар аңшылығы» ұшқышсыз ұшатын аппараты штурман бөлімінің аға лейтенанты М.Беспаевқа табыс етілді.

Ал «II дәрежелі Ел қорғаны» ведомствосы медалі «Танк биатлоны» конкурсының қатысушылары аға сержант А.Алпамысов пен А.Шоинбаевқа, «Қару шебері» сайысынан аға сержант Е.Бектасовқа, «Артиллериялық оқ ату шеберлерінен» сержант Г.Дәулетов пен ефрейтор Г.Әбдірахмановқа, «Мерген шебі» жарысында кіші сержант А.Әділов пен ефрейтор Д.Ильиновке, «Сенімді қабылдау» бойынша кіші сержант Д.Сейсебаев және «Әлем жауынгері» сайысының қатысушысы ефрейтор М.Сафаковаға бұйырды.

«Халықаралық армия ойындарына қатысу барлық санаттағы әскери қызметшілердің кәсіби дайындығының маңызды және практикалық құрамдас бөлігі болып табылады. Олардың кәсіби мансаптық өсуіне және оқу кезеңінде ынталандыруға қосымша жағдай жасайды. Сондықтан жарысқа жақсы дайындалған жеке құрам қатысты», - деді өз сөзінде Нұрлан Ермекбаев.

Айта кетейік, 2019 жылдың 3 және 17 тамыз аралығында мерейтойлық бесінші Армиялық халықаралық ойындары өтті. 32 конкурстан тұрған жарыс 10 елдің 21 әскери полигонында болды.

Қазақстан Қарулы Күштері құрамасы 32 конкурстың ішінен 16-сына қатысып, үздік ойын көрсеткен құрама ретінде танылды.

Біздің әскери қызметшілер жарыстың алғашқы кезеңінен-ақ баса озып, үздік үштіктің қатарынан көрінді. Нәтижесінде Армиялық халықаралық ойындарының жалпы қорытындысы бойынша қазақстандық әскери қызметшілер 39 мемлекеттің арасынан командалық құрамда үшінші орынға тұрақтады. Байрақты бәсекеде еліміздің құрамасы тек Ресей мен Қытай командасына басымдық берді.

166
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама
Президенттік жастар кадр резерві