• Қарулы күштердің 2019 жылғы ұраны "Рухани жаңғыру - жауынгерлік рух тірегі"

Жаңалықтар

06 қыркүйек, 2019

Ақтөбеде әскери-патриоттық тәрбие беру аясындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

Бүгін, 2019 жылы 6 қыркүйекте, Ақтөбе қаласында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі мен Ақтөбе облысының әкімшілігі және де «Жас Сарбаз» Республикалық қоғамдық бірлестігі арасында Меморандумға қол қойылды.

Меморандумға Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев, Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразәли және «Жас сарбаз» ұйымының төрағасы аға лейтенант Мейірбек Меңдіғалиев қол қойды.

Салтанатты шара соңында Қорғаныс ведомства басшысы әкімге төс белгі мен Ақтөбе облысы бойынша «Жас сарбаз» республикалық қоғамдық бірлестігі филиалы өңірлік үйлестіру кеңесінің құрметті төрағасы куәлігін табыс етті.

Меморандум Қазақстандағы жастар қозғалысының дамуындағы кезекті қадам ретінде жастардың бастамаларын қолдауға, патриотизмді арттырудағы өзара ынтымақтастыққа, сондай-ақ әскери-патриоттық іс-шараларды жоспарлау мен өткізуге кеңестік және әдістемелік көмек көрсетуге ықпал етеді.

Қорғаныс ведомствасы мен жергілікті атқару органдарының арасындағы ынтымақтастық жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру аясында ұйымдық-әдістемелік, ақпараттық және мәдени өзара іс-қимылда жаңа деңгейге көтереді.
Мемарандум шеңберінде біршама тапсырмалар анықталған. Бірлескен форум, акциялар, әскери-патриоттық жиындар мен семинарлар ұйымдастыру, бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асыру жоспарлануда.

Қазіргі таңда ынтымақтастық туралы меморандум Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, сондай-ақ Қызылорда, Қарағанды, Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарының әкімдерімен қол қойылған. «Жас сарбаздың» өңірлік филиалдары Қазақстанның барлық облыстарында қызмет атқаруда.

Ескерту: «Жас сарбаз» балалар мен жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы» республикалық қоғамдық бірлестігін ҚР Қорғаныс министрлігі 2018 жылы басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп құрды.«Жас Сарбаз» қозғалысының жарғысы құрылтайшылардың жалпы жиналысында мақұлданды және 2018 жылғы 14 қарашада Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелді.

2018 жылғы 30 қарашада Қазақстан Республикасының Президенті - Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Ұлттық Әскери-Патриоттық Орталығында болып, «Жас Сарбаз» қозғалысының тәрбиеленушілерімен кездесті, әскери патриоттық қозғалыстың әрі қарай дамуын, сонымен қатар аймақтардағы қозғалыс филиалдарын құруды бастады.

138
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама
Президенттік жастар кадр резерві