• Қарулы күштердің 2019 жылғы ұраны "Рухани жаңғыру - жауынгерлік рух тірегі"

Жаңалықтар

06 қыркүйек, 2019

«Тіл – татулық тірегі» конкурсы өтті

ҚР Қарулы Күштерінде «Қазақстан халқының тілдер күні» мерекесіне орай «Тіл – татулық тірегі» атты конкурс өтті.  Әскери қызметшілер арасында 5 тамыз бен 5 қыркүйек аралығында тіл айлығы ұйымдастырылып, шараның қорытынды кезеңі Ұлттық әскери-патриоттық орталығындағы сайыспен аяқталды.

Конкурста өзге ұлт өкілдерінен құралған барлығы жеті команда бақ сынады. Оларға тіл білімі саласының мамандарынан құралған қазылар алқасы төрешілік етті.

Сайыс барысында өзге ұлт өкілдері қазақ тілінде қаламгерлердің өлеңдерін мәнерлеп оқып, ақын-жазушылардың шығармаларынан сахналанған көрініс көрсетті. Сондай-ақ түрлі ұлттың мәдениетін көрсетіп, білімдерін саралады.

Байрақты бәсекенің қорытындысы бойынша Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысы басқармасының «Жерұйық» командасы бірінші орынды жеңіп алды. Екінші орынға Ұлттық қорғаныс университетінің «Мәңгілік ел» командасы табан тіресе, Құрлық әскерлері бас қолбасшысы басқармасының «Алаш туы» командасы үшінші орынға ие болды.

Конкурста бірқатар әскери қызметшілер өздерінің қазақ тілінде таза сөйлеуімен және көркемсөз оқудағы шеберліктерімен қазылар алқасын тәнтті етті.

Айта кетейік, конкурсытың мақсаты мемлекеттік тілді насихаттауға және оның қолдану аясын кеңейтуге, қазақ мәдениетіне, тілі мен әдебиетіне деген өзге ұлт өкілдерінің ықыласын арттырып, өскелең ұрпақты қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеуге бағыттау.

143
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама
Президенттік жастар кадр резерві