• Қарулы күштердің 2019 жылғы ұраны "Рухани жаңғыру - жауынгерлік рух тірегі"

Жаңалықтар

06 қыркүйек, 2019

Қазақстан мен Қырғызстан Қарулы Күштері бөлімшелерінің «Ыстықкөл – Аңырақай-2019» бірлескен тактикалық арнайы оқу-жаттығуы өз мәресіне жетті

Екі елдің арнайы мақсаттағы бөлімшелерінің оқу-жаттығуы «Эдельвейс» оқу-жаттығу орталығының базасында аяқталды.

Теориялық және практикалық сабақтар барысында екі елдің әскери қызметшілері таулы, тактикалық арнайы даярлық элементтерін пысықтап, әскери топография мен байланысты ұйымдастырудағы білімдерін жетілдірді.

Таулы дайындық маңызды практикалық кезең болды. Қазақстан Қарулы Күштері әскери қызметшісінің айтуынша, біздің жеке құрам сақтандыруды пайдалана отырып, тауға өрмелеу мен түсу, сондай-ақ таулы жерде қозғалу бойынша жаттығуларды сапалы пысықтады.

Одан басқа, екі елдің әскери бөлімшелері құрама жасақ құрамында қарсыластың барлауына дайындалу және жүргізу, заңсыз қарулы құралымдарды оқшаулау бойынша арнайы операцияны орындады.

«Ыстықкөл – Аңырақай-2019» оқу-жаттығуы бірлескен жұмыста екі елдің бөлімшелерінің шынайы жауынгерлік әзірлігін,  үйлесімділігін бағалауға мүмкіндік берді.  

Қазақстан Қарулы Күштерінің атынан оқу-жаттығуға екі арнайы мақсаттағы топ және бір броньдалған топ қатысты. Барлығы 30-ға жуық әскери қызметші.

Қазақстан мен Қырғызстан Қарулы Күштері бөлімшелерінің мұндай бірлескен жұмысының форматы жиі түрде жүргізіліп тұратынын айта кеткен жөн.   Өткен жылы «Аңырақай-2018» оқу-жатығуына екі мемлекеттің 300-ден аса әскери қызметшісі қатысты.

138
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама
Президенттік жастар кадр резерві