• Қарулы күштердің 2019 жылғы ұраны "Рухани жаңғыру - жауынгерлік рух тірегі"

Жаңалықтар

03 қыркүйек, 2019

Қазақстан әскерінің барлау бөлімшелері «Алтын Үкі – 2019» сайысында жеңімпаз атанды

Қазақстанда «Алтын үкі – 2019» халықаралық арнайы мақсаттағы барлау бөлімшелерінің сайысы мәресіне жетті. Жарыс Қарағанды облысы «Спасск» оқу орталығының полигонында Беларусь, Үндістан, Қазақстан, Ресей және Өзбекстан елдерінің барлау топтарының қатысуымен өтті.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің жарыстың абсолютті жеңімпазы командалары атанды. Екінші орынды Өзбекстан мемлекетінің әскери қызметшілері еншілесе, үшінші орынға Беларусь Республикасының өкілдері табан тіреді.

Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штаб бастығы генерал-майор Мұрат Бектанов халықаралық жарыстың нәтижелерін қорытындылады. «Сендерге психологиялық және дене төзімділікті сынап көруге үлкен мүмкіндік болды. Ең бастысы барлығын осындай баға жетпес тәжірибе алдыңдар және ерекше көңіл-күймен қайтып барасыңдар» - деді өз сөзінде ҚР ҚК Бас штаб бастығы.

Сонымен қатар, түрлі номинациялар бойынша үздік қатысушылар анықталды. «Үздік жарғыш» Үнді Республикасының өкілдеріне берілсе, «Үздік автомат атқышы» Ресей Федерациясының әскери қызметшілеріне бұйырды. Қазақстандық әскери қызметшілер «Топтың үздік командирі», «Үздік мерген», «Үздік пистолет атқышы» және де «Үздік зеңбірекші» аталымдары бойынша көшбасшы деп танылды.

«Тәжірбие алмасып, шеберліктерін шыңдау және білімдерін жетілдіру сайыстың негізгі тапсырмалары болып табылады. Қатысушылар мен бақылаушылар сайыстың ұйымдастырылуы мен өткізілуі жоғарғы деңгейде өткенін, сондай-ақ төрешілердің әділдігін атап өтті» - деді сайыстың бас төрешісі полковник Ерлан Өтеуов. 

«Алтын Үкі - 2019» сайысы 12 кезеңнен тұрды. Жарыс барлау бөлімшелері командирлерінің жұмыс деңгейін, әскери қызметшілердің ату және далалық машығын, күндізгі және түнгі кезде қиын жағдайларда тапсырмаларды орындау дайындығын, сондай-ақ медициналық көмек көрсету дағдыларын тексерді.

Турнирға 100-ден астам әскери қызметші қатысты. Сайыс барысын Италия, Қытай, БАӘ, Сербия, Түркіменстан және Түркия елдерінің өкілдері бақылады.

160
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама
Президенттік жастар кадр резерві