• Қарулы күштердің 2019 жылғы ұраны "Рухани жаңғыру - жауынгерлік рух тірегі"

Жаңалықтар

12 тамыз, 2019

«Адал дос» конкурсында қазақстандық кинологтар қола жүлдеге ие болды

Ресей Федерациясы Қарулы Күштерінің қызметтік ит өсіру оқу-жаттығу орталығында «Адал дос» халықаралық кинологтар конкурсының салтанатты жабылуы мен жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтті.

Ресей кинологтарының командасы бірінші орынды, Беларусь пе Өзбекстан елі екінші орынды өзара бөліссе, ал қазақстандық әскери кинологтарға үшінші орын бұйырды. Конкурстың басты қазысы генерал-майор Владимир Головачев жүлде алғандарды құттықтап, осындай ауқымды жарысқа қатысқандары үшін алғысын білдірді.

Аталған конкурс аясында кинологтар өздерінің қызметтік иттерімен күрделі бес кезеңнен өтті. Әскери қызметшілер атыс және дене даярлығы бойынша жарысып, қорғаныс ретінде қызметтік иттердің жұмысын, сонымен қатар «кинолог-ит» ретінде командалық және жинақылық жұмысты орындауды көрсетті.

Еліміздің атынан Әскери полицияның әскери қызметшілері мен қызметтік иттері қатысты. Олар «Чемпиондар жарысы» кезеңінде ерекше көзге түсті. Әскери полиция кинологы ефрейтор Мағжан Жаңабеков өзінің қызметтік «Арно» атты итімен қалған қатысушыларды басып оза отырып 1 600 метр жолды 6 минут 6 секундта игеріп, атыс шептеріндегі барлық нысаналарды дәл көздеді. Қазылар, сондай-ақ қатысушылардың өзі дене даярлығы, сонымен қатар кәсіби даярлықта біздің әскери қызметшілердің жоғары деңгейін атап өтті. Бүгін біздің команда Қазақстанға оралатынын айта кеткен жөн.

«Адал дос» халықаралық кинологтар конкурсы биыл Армия халықаралық ойындары аясында төртінші мәрте өткізіліп отыр. Осы уақыт ішінде оған Алжир, Беларусь, Қытай, Египет, Иран, Қазақстан мен Өзбекстан елдері қатысты.

123
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама