• Қарулы күштердің 2019 жылғы ұраны "Рухани жаңғыру - жауынгерлік рух тірегі"

Жаңалықтар

08 тамыз, 2019

Қазақстан командасының қоржынында армия ойындарының алғашқы жеңістері бар

Армия халықаралық ойындарында қазақстандық команда алғашқы марапаттарға қол жеткізді. Мәскеу облысындағы «Адал дос» сайысында біздің кинологтар рейтингі анағұрлым жоғары командалар арасында жеке жарыста бірінші орынды жеңіп алды.

«Чемпиондар жарысы» кезеңі аясында әскери полицияның кинологы ефрейтор Мағжан Жаңабеков «Арно» деген қызметтес итімен қалған қатысушылардан басып озып, 1 600 метрді 6 минут 6 секундта бағындырды және атыс шебіндегі барлық нысанаға дәл тигізді.

Конкурстардың бірінші кезеңдерінің нәтижелері бойынша қазақстандық команда үздік үштікте.

Мәскеу облысындағы «Алабино» полигонында өтіп жатқан «Танк биатлонында» біздің танкистер сайыстың екінші күнінің қорытындысы бойынша бірінші орында. Экипаж өз жарысында – 21 минут 50 секундта келіп, үздік нәтиже көрсетті.

Рязаньдағы «Авиадартс» сайысының бірінші кезеңінде біздің әскери ұшқыштар дене даярлығынан үздік нәтиже көрсетті. Су-25 жойғыш ұшағы, Ми-35 и Ми-171Ш тікұшақтарының экипаждары бірінші, ал Су-30СМ жойғыш ұшағының ұшқыштары үшінші орынды иеленді.

Мәскеу маңындағы Алабинода өтіп жатқан «Далалық ас үй», сондай-ақ Өзбекстандағы «Фориш» полигонында басталған «Әскери-медициналық эстафета» турнирлерінің қорытындысымен командалар екінші орынға қол жеткізді.

Бресттегі (Беларусь) мергендер сайысында қазақстандықтар үздік үштік қатарынан көрінді.  Қазір олар жеке сынақта үшінші болып тұр.

Әзербайжандағы «Теңіз кубогы» конкурсында әскери теңізшілер өздерін лайықты деңгейде көрсетті. Кеменің ұрыста өміршеңдігі мен теңіз жағасындағы жаттықтыру кешендерінде жаттығу орындаудан олар үшінші орынға ие болды.

Дәл осы сәтте Моңғолия оқу-жаттығу полигонындағы Қазақстанның әскери командасы биыл алғаш рет өтіп жатқан «Әскери бәйге» сайысында да жүлделі үшінші орында.

Армениядағы «Әлем жауынгеріне» қатысушылар әскери-медициналық дайындықта бақ сынасты. Біздің команда бұл кезеңді үшінші орынмен тәмамдады.

Сондай-ақ Қазақстанда сайыстар басталған бірінші күннің өзінде-ақ «Сенімді қабылдау» конкурсында біздің байланысшы жауынгерлер 5 команда арасынан 281 ұпаймен көш бастады.

Естеріңізге сала кетсек, қазір Армия халықаралық ойындарының 32 байқауы әлемнің 10 мемлекетінде өтуде. Бұл сайыстарға жер шарының 39 елінен 223 команда қатысуда. Біздің әскери қызметшілер 16 конкурсқа қатысады.

235
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама
Президенттік жастар кадр резерві.
Мобильный ЦОН