• Қарулы күштердің 2019 жылғы ұраны "Рухани жаңғыру - жауынгерлік рух тірегі"

Жаңалықтар

03 тамыз, 2019

«Алабино» полигонында мерейтойлық Армиялық халықаралық ойындар-2019 сайысы бастау алды

Бүгін Мәскеу облысының «Алабино» полигонында  V Армиялық халықаралық ойындары - 2019 сайысының ресми ашылу рәсімі өтті.  Биылғы жылы ойындар тамыздың 3-і мен 17-і аралығында 10 мемлекеттің 21 әскери полигонында, Каспий, Балтық теңіздері мен Парсы шығанағының су айдындарында өтеді.

Бұл ойындарды Ресей, Қазақстан, Әзербайжан, Армения, Беларусь, Иран, Қытай, сондай-ақ алғаш рет Өзбекстан, Моңғолия және Үндістан өз жерлерінде өткізеді. Жылдан жылға қарай АрХО-ға деген қызығушылық арта түсуде. Сонымен бірге, қатысушы елдердің саны да ұлғаюда. Осы жылы үздік деген атаққа, жүлделі орындар мен марапатқа Азия, Еуропа, Африка, Орталық және Латын Американың 39 елінен 223 команда бақ сынасатын болады.

Армиялық ойындардың бағдарламасына далалық, әуе және теңіз машығы бойынша 32 байқау кіреді. Қазақстан командасы оның 16 байқауына қатысады. Өткен ойындарда Қазақстан Қарулы Күштерінің құрамасы көшбасшылар үштігінде болды. Биылғы жылы әскери қызметшілеріміз жоғары нәтижелерге қол жеткізуге ниеттеніп отыр.

Салтанатты ашылу рәсіміне Қазақстан, Ресей, Әзербайжан, Беларусь қорғаныс министрлері, сондай-ақ қатысушы елдердің ресми делегациялары қатысты. 

Өткен жылдардың тәжірибесіне сүйенсек, әскери сайыстың көрермендері мен әуесқойлары арасында «Танк биатлоны» көшбасшы болып табылатынын сеніммен айтуға болады. Бір сөзбен айтқанда, танк экипаждарының алғашқы додасы 4 тамызда өтеді. Басқа байқаулар да қызықты.  Олардың әрқайсысының алаңында қызу әрі тартысты жарыс өтпек. Әскери ұшқыштар мен байланысшылар, дәрігерлер мен кинологтар, мергендер мен артиллерияшылар, аспазшылар мен инженерлер, теңізшілер мен десантшылар өздерінің шеберліктерін паш ететін болады. Армиялық ойындар аясында Моңғолия аумағында алғаш рет «Ат марафоны» байқауы өтеді. Қатысушылар арасында біздің командамыз да бар.

7 тамызда Қазақстанда Армиялық халықаралық ойындар-2019 бастау алатынын айта кеткен жөн.  Полигондарымызда «Артиллериялық оқ ату шеберлері», «Сұңқар аңшылығы» және «Сенімді қабылдау» атты үш байқау өтеді.

Армиялық халықаралық ойындар  – бұл халықаралық ауқымдағы айрықша іс-шара. Сайыс әртүрлі елдердің әскери қызметшілері арасында тәжірибе алмасу және іс жүзінде машықты жетілдіру алаңы болып табылады. Ойындар халықаралық әскери ынтымақтастықты нығайтуға себепкер болатыны сөзсіз.

141
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама