• Қарулы күштердің 2019 жылғы ұраны "Рухани жаңғыру - жауынгерлік рух тірегі"

Жаңалықтар

03 тамыз, 2019

Қазақстанның командасы АрХО-2019 сайысының «Ат марафоны» жаңа байқауында алғашқы болып өнер көрсетеді

Қазақстандық  әскери қызметшілер Армиялық халықаралық ойындар-2019 сайысының «Ат марафоны» жаңа байқауына қатысуға сақадай сай. Моңғолия Қарулы Күштері Біріккен оқу-жаттығу орталығының базасына келген сәттен бастап біздің команда толық таныстырылым маршрутынан өтті.

Байқау маршруттары бойынша жол жүрген кезде командалар ат марафонының кезеңдері өтетін жердің ландшафтымен танысып, жеребе тастау арқылы жылқыларды іріктеді, атпен жүру үшін оларды жүгендеп, ерттеді.

Қатысушылар мен бапкерлер штабы өту жылдамдығын емес, байқау кезеңдерін дұрыс әрі сапалы орындауда шеберліктерін ұштады. Уақыт пен ауа райындағы айырмашылыққа қарамастан, Қазақстан құрамасы бірден бейімделіп, жаттығулар барысында қиындықтарды сезінген жоқ.

Кезектілікке сәйкес қашықтыққа шабудағы байқауда Қазақстан командасы бірінші болып шығады. Оның артынша Қырғызстан құрамасы, әрі қарай – Моңғолия және Ресей командасы бұл сайысты түйіндейді.  

Қатысушылардың айтуынша, бірінші болып өнер көрсетудің күрделілігі алғашқы команданың шабыт беруімен байланысты болып келеді. Қалғандары оның уақытына бағдарланады және оны есептеп жүріп айналып өтіп, үздік нәтиже көрсете алады.

Ат марафоны тамыздың 3-і мен 8-і арылығында өтетінін айта кетейік. Байқау төрт кезеңнен, яғни, дайындық, ат марафоны, қысқа қашықтыққа аралас эстафета және шешуші кезеңнен тұрады.

159
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама
Президенттік жастар кадр резерві