• Қарулы күштердің 2019 жылғы ұраны "Рухани жаңғыру - жауынгерлік рух тірегі"

Жаңалықтар

20 шілде, 2019

Қорғаныс министріне арнайы комиссия жұмысының аралық нәтижелері ұсынылды

Жедел штабта генерал-майор Нұрлан Ермекбаев өңірдегі ағымдағы жағдай және атқарылған жұмыстардың нәтижелері туралы жауапты адамдардың баяндамасын тыңдады.  

Арыс қаласындағы отырыста қалаға іргелес аумақтың тазартылу барысы,  әскери бөлімнің көшірілуі, оның ішінде, қару-жарақты, оқ-дәрілер мен мүлікті шығаруды ұйымдастыру, сондай-ақ әскери қалашықтың инфрақұрылымын қалпына келтіру мәселелері қаралды.

Арсенал мен оған іргелес жатқан аумақты тексеру барысында әскери ведомство басшысы қазіргі уақытта төтенше жағдайдың себептерін анықтап жатқан арнайы комиссия жұмысының алдын ала нәтижелерімен танысты. 

Нәтижелері бойынша төтенше жағдайдың салдарын жою, әскери бөлімді көшіру, азаматтық адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және әскери қалашықты шұғыл  қалпына келтіру жөніндегі қажетті шараларды сапалы және жедел ұйымдастыруға қатысты тапсырмалар берілді. 

Жиналыстан кейін генерал-майор Нұрлан Ермекбаев жауынгерлік әзірлікті, қару-жарақ пен әскери техниканы, бөлімшелерде жауынгерлік кезекшіліктің ұйымдастырылуын, сондай-ақ Шымкент гарнизонының бірқатар әскери бөлімдерінде оқу-материалдық базаның жай-күйін тексерді.

Жауынгерлік машиналар паркінде әуе шабуылына қарсы қорғаныс бригадасының жарақтандыруында тұрған әскери техниканың сақталу шарттарымен танысты. Зымыран-артиллериялық қару-жарақ қоймасында атыс қаруы мен оның оқ-дәрілерінің сақталу шарттары мен тәртібін тексерді. Одан басқа, жанар-жағармай материалдары мен авиациялық жою құралдарының қоймаларын тексерді.

Сондай-ақ Қорғаныс министріне ағымдағы жағдай, оқ-дәрілердің сақталу тәртібі мен шарттары, қару-жарақ, әскери және авиациялық техниканың жабдықталуы мен жай-күйі және инфрақұрылым нысандары мен техникалық аймақты одан әрі дамыту жөніндегі проблемалық мәселелер туралы баяндалды.

Гарнизондағы жұмыс қорытындысы бойынша әскери бөлімдердің командирлеріне нысандардағы қауіпсіздік деңгейін арттыру, әскери қызметшілердің өртке қарсы және диверсияға қарсы қауіпсіздігінің талаптарын мүлтіксіз орындауы және кемшіліктерді жою бойынша нақты тапсырмалар берді.

 

468
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама
Президенттік жастар кадр резерві.
Мобильный ЦОН