• Қарулы күштердің 2019 жылғы ұраны "Рухани жаңғыру - жауынгерлік рух тірегі"

Жаңалықтар

07 шілде, 2019

Қорғаныс министрі Арысқа келді

Өңірдегі жұмыс сапары барысында әскери ведомство басшысы генерал-майор Нұрлан Ермекбаев қала маңын қарап, арсенал мен іргелес жатқан аумақты, сондай-ақ оқ-дәрілер қалдықтарын жою бойынша полигонды  тексерді.

Жұмыс жүріп жатқан жерде оқ-дәрілер қалдықтарын тазарту жөніндегі шараларды орындап жатқан инженерлік-саперлік, материалдық-техникалық бөлімшелер және әскери өрт сөндірушілер жеке құрамымен қауіпсіздік шараларын сақтау жөнінде нұсқама жүргізілді.  Қорғаныс ведомствосының басшылығы бірқатар нақты тапсырмалар қойды. Бірінші кезекте адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Екінші кезекте оқ-дәрілердің бөліктерін іздестіру және шығару бойынша жұмыстарды атқарып жүрген әскери қызметшілердің қауіпсіздігі.  

Сондай-ақ күрделі ауа райы жағдайында тәулік бойы жұмыс жасап жатқан ҚР ҚК бөлімшелерінің жеке құрамымен кездесу өтті. Жоғарғы Бас қолбасшы атап өткендей, төтенше жағдайлардың салдарын жою жөніндегі әскери қызметшілердің жұмысы жауынгерлік тапсырманы орындауға теңестіріледі. Төтенше жағдай себептерін айқындау бойынша ішкі қызметтік тергеп-тексеруді жүргізу үшін Н. Ермекбаевпен бірге ҚР Қорғаныс министрлігі Бас инспекциясының комиссиясы келді.  

Естеріңізге сала кетсек, осы өңірде жарылмаған оқ-дәрілерді тиеу және шығару, сондай-ақ оқ-дәрілердің қалдықтарын жою жөніндегі жұмыстар басталғанын хабарлаған болатынбыз. Қала тұрғындары үшін аталған жұмыстар еш қауіп туғызбайды. 

466
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама
Президенттік жастар кадр резерві