• Қарулы күштердің 2019 жылғы ұраны "Рухани жаңғыру - жауынгерлік рух тірегі"

Жаңалықтар

03 шілде, 2019

Өскемен гарнизонында «Қазақ жауынгері» қоян-қолтық күресінен жарыс өтті

Қорғаныс министрінің нұсқауын іске асыру мақсатында әскери бөлімдерде қоян-қолтық күресті әрі қарай дамыту, өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу және салауатты өмір салтын насихаттау жөнінде Өскемен қаласының «Шығыс» стадионында Өскемен гарнизоны бастығының кубогына «Қазақ жауынгері» армияның қоян-қолтық күресінен ашық сайыс өтті.

Аталған сайысқа «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының, ҚР ҰҚК Шекара қызметінің, ҚР ІІМ Ұлттық ұланның, Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің әскери бөлімдерінен және «Титан», «Спарта» және «Айбын» спорттық клубтарының тәрбиеленушілерінен 100-ге жуық спортшы қатысты.

Жарыс қорытындысы бойынша гарнизонның ауыспалы кубогын Өскемен қаласындағы 27943 әскери бөлімінің командасы жеңіп алса, ал аталған бөлімнің әскери қызметшісі ефрейтор Т. Қайсенов үздік спортшы атанды.  

«Қарулы Күштерде армия қоян-қолтық күресі жоғары деңгейде дамып келеді. Бүгінгі турнирде әскери қызметшілер өздерінің жоғары шеберлігі мен мықты даярлығын көрсетті», - деп Өскемен гарнизонының бастығы подполковник Б. Тәжібаев атап өтті.

Естеріңізге сала кетсек, осындай жарыс түрі гарнизонда екінші рет өткізілуде. Жарыс соңында қатысушылар мен көрермендерге арнап «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының көркемөнерпаздары дайындаған концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

297
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама
Президенттік жастар кадр резерві