• Қарулы күштердің 2019 жылғы ұраны "Рухани жаңғыру - жауынгерлік рух тірегі"

Жаңалықтар

28 маусым, 2019

Ұлттық қорғаныс университетінде әскери-ғылыми взводтың әскери қызметшілерін запасқа шығару рәсімі өтті

Нұр-Сұлтан қаласында Елбасы – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті атындағы Ұлттық қорғаныс университетінде мерзімді әскери қызметтегі алғашқы әскери-ғылыми взводты салтанатты шығарып салу рәсімі өтті.

Бұл іс-шараға Ұлттық қорғаныс университетінің басшылығы мен жеке құрамы, сондай-ақ ҚР ҚК ардагерлері мен әскери қызметшілердің туыстары қатысты.

Әскери-ғылыми взводтың сарбаздары мерзімді әскери қызмет атқарып жүрген кезеңде роботталған кешенді автоматты басқару жүйесін жасау, арнайы мақсаттағы геоақпараттық платформаны, роботталған кешеннің үш өлшемді қарама-қарсы тұлғасын (3D-проекция), оқу үдерісін басқарудың автоматтандырылған жүйесі мен тиімділігі жоғары локальды-есептеудің жаңа құрылымдық желілерінің ресурстарын құру және енгізу және оларды орындауда қауіпсіздікті пайдалану сияқты бағдарламалар бойынша қосымша зерттеулер шеңберінде келешегі зор ғылыми-зерттеу, тәжірибелі-сындарлы және сынақ жұмыстарын орындауға тартылған болатын.

Қызметтік міндеттерін адал атқарғаны, әскери үлгілі тәртібі, жауынгерлік және дене даярлығында көрсеткен жоғарғы көрсеткіштері үшін запасқа шығарда бірқатар әскери қызметшілер грамоталармен және алғыс хаттармен марапатталды, сондай-ақ олардың кейбіреуіне кезекті әскери атақ берілді.

Әскери-ғылыми взводқа шақыру бойынша әскери қызмет мерзімі аяқталған соң, ғылыми-зерттеу нәтижелері жақсы көрсеткіштерге ие болған және ниет білдірген әскери қызметшілер аталған университетте немесе Қорғаныс министрлігінің басқа да жоғары әскери оқу орындарында, әскери бөлімдерде ғылыми-зерттеу ісімен жалғастыра алады және келісімшарт бойынша әскери қызметті жалғастыруға мүмкіндігі бар екенін айта кеткен жөн.

Естеріңізге сала кетсек, әскери-ғылыми взводтың құрамында мерзімді қызмет атқару үшін жастарды әскерге шақыру тәжірибесі 2018 жылдан басталған.

206
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама
Президенттік жастар кадр резерві