• Қарулы күштердің 2019 жылғы ұраны "Рухани жаңғыру - жауынгерлік рух тірегі"

Жаңалықтар

01 маусым, 2019

Қазақстанның Қарулы Күштерінде Халықаралық балаларды қорғау күні атап өтілді

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай әскери қызметшілер, әскери ЖОО-лардың курсанттары мен «Жас ұлан» республикалық мектептерінің тәрбиеленушілері балаларға арнап керемет мереке ұйымдастырды.

Көптен күткен шырайлы жаз жайма шуақ және жылулық сезімдерге толы оқиғалармен тұспа-тұс келіп отыр. Осындай оқиғалардың бірі Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған мерекелік шаралар болды.  

Барымыз да нарымыз да балалар, Сондықтан оларға қамқорлық танытып, олардың балалық шағын қызықты еткен абзал. Баланың күлкісі мен қуанышқа толы жанары әлемдегі ең үлкен байлық.  Халықаралық балаларды қорғау күні әр баланың балалық дәурені қызыққа толы әрі бақытты болуы тиістігін тағы бір рет еске салады.

Балалардың көңіл-күйін шат-шадыман қылу, жағымды эмоциялар, достық, патриотизм сезімін туғызу, олардың арасындағы достастық қарым-қатынасты жақсарту өткізіліп жатқан іс-шаралардың негізгі мақсаты болды.

Нұр-Сұлтан қаласында мереке Ұлттық әскери-патриоттық орталығының аумағында ұйымдастырылды. Онда бес бағыт бойынша шеберлік сағаттары өткізілді. Атап айтқанда, «Гүлдер кемпірқосағы», «Тұмар дайындау», «Ішкі түйсік кескіндемесі», «Зімбір пірәндіктерінің өрнегі», «Ұлттық ою-өрнек», әртүрлі жаппайы ойындар (мен асфальтта сурет саламын, шарларды үрлеу және т.б.), Орталық ансамбльдің әртістерімен көңілді билер, аниматорлардың интерактивті бағдарламасы. Сондай-ақ «Әлем балалар көзімен» атты Ақмола өңірлік гарнизоны әскери қызметшілері балаларының суреттер көрмесінің тұсаукесері өткізілді.

Мейрам самаладай жарық, көңілді және әсерлі болды. Балалар мен ересектер керемет оң әсерге бөленді.

Іс-шара «Жас сарбаз» балалар студиясы әзірлеген мерекелік концертпен аяқталды.

Радиоэлектроника және байланыс Әскери-инженерлік институтының курсанттары Алматыдағы «SOS» балалар үйіне барды. Болашақ офицерлер бүлдіршіндерге сыйлақтар тарту етті. Қазақстан армиясы туралы бейнероликтер көрсетті. Сәбилер үйіне барған кезде курсанттар шефтілік мекеменің қызметкерлеріне аумақты абаттандыруға көмектесіп, ағаштарды әктеп, күл-қоқысты шығарды.

Өз кезегінде, РЭБӘИИ әскери қызметшілерінің отбасы мүшелерімен жұмыс жөніндегі қызметтің қызметкерлері тәрбиеленушілерге арнап мерекелік бағдарлама ұйымдастырды. Барлық қатысушылар Әскери институт әскери қызметшілері балаларының орындауындағы музыка, би және театрландырылған қойылым әлеміне енді. 

Шымкент қаласында «Жас ұлан» республикалық мектебінің тәрбиеленушілері шефтілік балалар үйінде қайырымдылық шарасын ұйымдастырды. Балалар үйінде жасұландықтар қызықты әрі танымдық ойындар, балаларға арналған сайыстар мен викториналар ұйымдастырып, концерттік бағдарлама өткізді және әртүрлі сыйлықтар табыстады.

Халықаралық балаларды қорғау күні – бұл балалық шақтың көңілді мерекесі ғана емес, ол күллі қоғамға бүлдіршіндердің құқығын қорғау қажеттілігі, еліміздің бетке ұстар азаматтары болуы үшін оларды бақытты ету туралы бір мәрте еске салу екенін айта кетейік. Мұндай сипаттағы мерекелік іс-шаралар жаппай ҚР Қарулы Күштерінің барлық құрамаларында, бөлімдері мен мекемелерінде өтті.

553
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама