• Қарулы күштердің 2019 жылғы ұраны "Рухани жаңғыру - жауынгерлік рух тірегі"

Жаңалықтар

01 маусым, 2019

Ақтөбелік студенттер әскери-қолданбалы спорт түрлерінен сайысқа түсті

Қалалық және облыстық колледждердің 100-ге жуық студенті Кеңес Одағының екі мәрте батыры, Т. Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштері Әскери институтының айлағындағы «Жігер» әскери-патриоттық жиынына жиналды.

«Жігер-2019» жиынын Әуе қорғанысы күштерінің Әскери институты Жастар саясаты басқармасы және Ақтөбе облыстық ресурс орталығы тығыз ынтымақтастықта ұйымдастырды. Іс-шараның негізгі мақсаты  шақырылуға дейінгі жастарға патриоттық тәрбие беру, бозбалаларға қазақстандық патриоизм сезімін сіңірту, әскери істің бастапқы машықтарына оқытып-үйрету болып табылады. Бұл іс-шара үшінші рет өткізіліп отыр және әскери-патриоттық клубтар тәрбиеленушілерінің, 16 мен 20 жас аралығындағы әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша қалалық және облыстық сайыстар жеңімпаздарының басын біріктіреді.

3 күн бойы жиынға қатысушылар барынша теориялық және практикалық білім мен дағды жинақтады. Жиын бағдарламасы таңғы жаттығу, командалардың көрсетілімді өнер көрсетулері, қаруды жинап-шашу, физикалық жаттығулар, футболдан, волейболдан достық матчтарды және өзге де командалық ойындарды, жеке қорғаныш құралдарын кию мен әскерилендірілген кростты қамтыды. Балалармен бірге сабақтарды ӘҚК Әскери институтының нұсқаушы сержанттары өткізді. Жиын қорытындысы бойынша Жайсан көпбейінді колледждің командасы бірінші орынды, сәл ғана артта қалып қойған Ақтөбе байланыс және электр техника колледжінің командасы екінші орынды және Ойыл аграрлық колледжінің командасы үшінші орынды еншіледі. Барлық жеңімпаздар кубоктармен және грамоталармен, қалған қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.

Лагерлік жиын ұйымдастырушылары әр жыл сайын қатысушы командалар сайыстарға одан сайын жақсы дайындалып келетіндерін мойындауда. Егер бұрын олардың арасында ұпай саны бойынша үлкен айырмашылық болса, қазіргі уақытта ол болар-болмас. Сондай-ақ келесі жылдан бастап «Жігер» лагерлік жиында студенттер басқа жоғары сынып оқушылары қатысады.  ҚР Түңғыш Президенті – Елбасы  жариялаған Жастар жылы әскери-патриоттық қозғалысқа үлкен жол ашқанын айта кету қажет. Еліміздің көптеген мектептерінде «Жас сарбаз» мамандандырылған сыныптар ашылды.

458
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама
Президенттік жастар кадр резерві