• Қарулы күштердің 2019 жылғы ұраны "Рухани жаңғыру - жауынгерлік рух тірегі"

Жаңалықтар

31 мамыр, 2019

Жас ғалымдар әскери ғылымды дамыту перспективаларын талқылады

Жастар жылы аясында Радиоэлектроника және байланыс Әскери-инженерлік институты жоғары оқу орындарының курсанттары мен студенттеріне арналған «Жастар және ғылым» жыл сайынғы IX ведомствоаралық ғылыми-теориялық конференциясын ұйымдастырды.

Біз өзіміздің болашағымыздың құрылысшысымыз. Конференция жұмысын бастай отырып, Радиоэлектроника және байланыс Әскери-инженерлік институтының бастығы генерал-майор А. Мұстабеков заманауи жағдайда жоғары білімді дамытудың негізгі бағыты мамандарды дайындау сапасын арттыруға, қарқынды ғылыми-зерттеу қызметімен кіріктірілген инновациялық білімді дамытуға, сондай-ақ білім беру және білім беру инновациялық технологияларды жетілдіруге сайып келетінін атап өтті.  

Конференция барысында жас ғалымдар әскери ғылым мен заманауи технологияларды дамытудың өзекті проблемаларына, тәуелсіз Қазақстанның әскери-тарихи мұрасына арналған баяндамаларды ұсынды. Одан басқа, Қазақстан армиясының жарақтандырылуына  қару-жарақ пен әскери техниканың жаңартылған және жаңа үлгілерінің келіп түсіп жатқандығын ескере отырып, конференция қатысушыларының басты назары жоғары білікті әскери мамандарды дайындау кезіндегі ғылыми-практикалық көзқарасқа аударылды. Конференция соңында үздік жұмыстар дипломдармен және грамоталармен атап өтілді. Ал конференция материалдары әрі қарай ғылыми мақалалар жинағында жарияланатын болады.

Өз кезегінде, қатысушылар ұйымдастырушыларға әскери  ғылымды жетілдіру және дамыту мәселелері бойынша көкейкесті мәселелерді талқылауға мүмкіндік ұсынғандары үшін алғыс білдірді. Осындай конференцияның өткізілуі жастарды заманауи ғылымның өзекті міндеттерін шешуге тарта отырып, олардың ғылыми және шығармашылық белсенділігін нығайтуға мүмкіндік беретінін айта кету қажет.

373
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама