• Қарулы күштердің 2019 жылғы ұраны "Рухани жаңғыру - жауынгерлік рух тірегі"

Жаңалықтар

30 мамыр, 2019

Қазақстанның бұқаралық медиа өкілдері әскери қызметтің ерекшеліктерімен етене танысты

Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен өзара іс-қимылды одан әрі нығайту мақсатында Талдықорған және Қапшағай гарнизондарының базасында Қорғаныс министрлігі отандық журналистер мен блогерлерге арналған тақырыптық баспасөз турын ұйымдастырды.

Баспасөз туры бірнеше кезеңдерден тұрды. Сапар барысында қазақстандық бұқаралық медиа өкілдері гарнизондардың құрамалары мен әскери бөлімдерінің тыныс-тіршілігімен танысты.

Талдқыорған авиабазасының аумағында журналистер мен блогерлер үшін таныстыру экскурсиясы өткізілді. Оның барысында авиациялық техниканың, киім үлгісінің заманауи үлгілері мен әскери ұшқыштардың экипировкасы көрсетілді. Баспасө турының практикалық бөлімінде Десанттық-шабуылдау әскерлері әскери бөлімінің базасында БАҚ өкілдері тренажерларда жерүсті дайындық жаттығуын орындады және жаттықтыру мұнарасынан секірулер орындады.

Баспасөз турының алғашқы күні Десанттық-шабуылдау әскерлеріне қарасты 48386 әскери бөлімінің күнделікті және жауынгерлік тыныс-тіршілігімен танысумен аяқталды.  Бөлімшеге бару барысында журналистер қару-жарақ пен әскери техниканың, киім үлгісінің заманауи үлгілері мен десантшы әскери қызметшілердің экипировкасын көруге мүмкіндік алды.

Қапшағай гарнизонының «Жағалау» полигонына баруы баспасөз турының шарықтау шегі болды. Оның барысында БАҚ өкілдері өз көздерімен әскери инженерлердің техникалық тұрғыдан күрделі жұмысын тамашалады. Олар арнайы техниканың көмегімен минаны салуды, минасыздандыру процесі мен суды тазартуды көрнекі түрде көрсетті.

Іс-шара аяқталысымен ұйымдастырушылар бұқаралық медиа өкілдеріне Қарулы Күштердің тыныс-тіршілігін ақпараттық жария ету мәселелері жөніндегі атқарып жатқан жұмыстарына, сондай-ақ әскери қызметті дәріптеп жүргендеріне алғыс білдірді. 

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама