• Қарулы күштердің 2019 жылғы ұраны "Рухани жаңғыру - жауынгерлік рух тірегі"

Жаңалықтар

30 мамыр, 2019

Қазақстанның Қорғаныс министрі спортшыларға жеңіс тіледі

Нұр-Сұлтан қаласында әскери ведомство басшысы генерал-майор Н. Ермекбаев  Санкт-Петерборда өтетін қоян-қолтық ұрыстан әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасының спортшыларымен кездесті.

Бүкілқазақстандық қоян-қолтық ұрыс ассоциациясының төрағасы, әскери ведомство басшысы генерал-майор Н. Ермекбаев спортшылармен әңгімелесіп, команданың чемпионатқа деген моральдық-психологиялық дайындығын біліп, естеліктері және тәжірибесімен бөлісті, жекпе-жекке дұрыс психологиялық көңіл-күйдің қажеттілігін атап өтіп, алдағы жарыста сәттілік пен жеңіс тіледі.

Қазақстанның Қарулы Күштерінде әскери-қолданбалы спорт түрлері, оның ішінде, армиялық қоян-қолтық ұрыс айрықша мәнге ие. Аталмыш спорт түрін дәріптеу мақсатында Қазақстандық армиялық қоян-қолтық жекпе-жек федерациясы құрылды.  Болашақтағы ауқымды сайыс қарсаңында жаттығу болған Қарулы Күштер ауқымында армиялық қоян-қолтық ұрыстан іріктеу турнирлері өткізілді.

Қоян-қолтық ұрыстан құрама команданың намысын АОСК-ның спортшылары ғана емес, сонымен бірге, өзге де әлеуетті құрылымдардың өкілдері қорғайды.

Санкт-Петербордағы қоян-қолтық ұрыстан әлем чемпионатында әлемнің 40 елінен 200-ден аса мықты спортшы өнер көрсететінін естеріңізге сала кетейік. Олардың арасында қоян-қолтық ұрыстан еңбек сіңірген спорт шеберлері, әлем және Еуропа чемпиондары, кәсіпқойлар (UFC) арасындағы турнирлерде танымал болған палуандар бар.   Қорғаныс министрінің тапсырмасы бойынша спортшыларға жан-жақты қолдау көрсету үшін Санкт-Петерборға АОСК-ның басшылығы жіберілуде.

386
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама