• Қарулы күштердің 2019 жылғы ұраны "Рухани жаңғыру - жауынгерлік рух тірегі"

Жаңалықтар

30 мамыр, 2019

Жалпы білім беру мектептерінің оқушыларымен алғашқы әскери дайындық бойынша оқу-далалық жиын өтті

Атырау облысының жергілікті әскери басқару органдары жалпы білім беру мектептерінің оқушыларымен бес күндік оқу-далалық жиын және тактикалық-далалық сабақ өткізді.

Жиынның негізгі мақсаты бозбалаларды еліміздің Қарулы Күштер қатарындағы әскери қызметке дайындау, бастапқы әскери дайындық бойынша сабақтарда алған теориялық білімдерін бекіту, жасөспірімдердің әскери қызметке жылдам бейімделуі үшін қажет практикалық машықты жинақтау болды. Жиынға барлығы мектептердің 4000-ға жуық шәкірті тартылды.

Оқу-далалық жиынның салтанатты ашылуына Қарулы Күштердің ардагерлері, білім беру бөлімдері мен басқармаларының өкілдері шақырылды.

Далалық сабақтар барысында оқушылар әскери қызметтің ерекшелігі және әскери қызметшілердің міндеттерімен танысып, тактикалық дайындықтың, жергілікте жерде бағдарлау тәсілдерінің, саптық дайындық негіздерінің, қаруды жинап-шашудың, оқ атудың амалдары мен қағидаларының қыр-сырын зерделеді, Сондай-ақ әскери әндерді орындай отырып, әскери-саптық көрсетпелі көрсетілімдерге белсене қатысты.

Іс-шара қорытындысы бойынша өздерінің шеберліктері, үйлесімділіктері, керемет дайындықтары, жауынгерлік тапсырмалар тактикасы мен оқу автоматымен ұрысты жүргізумен ерекшеленген  Индер және Исатай аудандарының оқушылары грамоталар және алғыс хаттармен марапатталды.

397
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама
Президенттік жастар кадр резерві