• Қарулы күштердің 2019 жылғы ұраны "Рухани жаңғыру - жауынгерлік рух тірегі"

Жаңалықтар

07 сәуір, 2019

Құрметті ардагерлер – локальді соғысқа қатысушылар!

Бүгін біз 1995 жылғы 7 сәуірде тәжік-ауған шекарасында қаза болған қазақстандық бітімгершілерді еске алудамыз. Барлық тарихи және саяси қиын-қыстау кезеңдерге қарамастан, жауынгерлеріміздің ерліктері мен батылдықтарының нышаны болған және бола беретін соғыс аяқталды. Әрқайсысыларыңыз өліммен бетпе-бет келіп, қасқайып тұрып, өз әскери борыштарыңызды лайықты түрде орындадыңыздар.

Ерлік туралы үнемі айту қажет. Себебі, оны соғыс және бейбіт күндері айтатын уақыты және орны бар. Интернационалшылардың ерлігі мəңгі жүрегімізде сақталады. Қазақстан əскери қызметшілерін Тəжікстанда еске алып, құрмет тұтады. Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан жəне тапсырмасы бойынша 2007 жылы Душанбедегі саябақта тəжік əріптестеріммен бірге 90-шы  жылдардың ортасында ТМД-ның оңтүстік шептерін қорғап, қаза болған əскери қызметшілерге ескерткіш орнатылған кезде көзім жетті.

1995 жылғы 7 сәуірде тәжік-ауған шекарасында Тәжікстан Республикасының Пшихавр тау шатқалында  7-ші құрама бітімгершілік ротасы тараптың іргелес шекарасына содырлардың кенеттен қарулы шабуыл жасауына тап болды. Қарсыластың басымдық күшімен болған төрт сағатқа созылған тең емес ұрыс барысында жауынгерлеріміз өздерінің әскери борыштарын абыроймен орындап, Әскери антқа адал болды. Бұл қантөгіс ұрыста 17 жауынгер қаза тапты, 33-і жарақат алды.

Құрметті локальді соғысқа қатысқан ардагерлер Сіздерге мықты денсаулық, отбасылық береке және Отанымыз – Қазақстан Республикасының игілігі үшін сарқылмас күш-қуат тілеймін. Небір қиындықтарды бастан кешірген локальді соғысқа қатысқандар бүгінде жойқын күш болып табылады. Белсенді өмірлік ұстанымдарыңыз бен өскелең ұрпаққа әскери-патриоттық тәрбие беруде қосып жатқан үлестеріңіз үшін шексіз алғысымды білдіремін.

 

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі

 генерал-майор Н. Ермекбаев

385
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама
Президенттік жастар кадр резерві