• Қарулы күштердің 2019 жылғы ұраны "Рухани жаңғыру - жауынгерлік рух тірегі"

Жаңалықтар

30 наурыз, 2019

120 қазақстандық әскери қызметші БҰҰ-ның «Бейбітшілік үшін қызмет» медальдарымен марапатталды

Наградаларды табыстау салтанатты рәсімі Ливандағы БҰҰ-ның бекетінде өтті. Оған 600-ден аса адам қатысты. Оның ішінде, 30 елдің елшісі мен әскери атташесі, «Шығыс» секторы бөлімшелерінің командирлері.

Рәсім жалауларды шығару және қатысушы елдердің мемлекеттік әнұранын орындаудан басталды. Рәсімнің барлық қатысушылары алдында «Шығыс» секторының командирі генерал-майор Антонио Ромеро сөз сөйлеп, бітімгершілік миссияға қосқан үлестері мен адал қызметтері үшін бітімгершілерге алғысын білдірді. 120 қазақстандық әскери қызметшіні БҰҰ-ның «Бейбітшілік үшін қызмет» медальдарымен марапаттады.

«Бұл мен үшін және барша жеке құрам үшін зор құрмет. Біз жай ғана медальдар алған жоқпыз. Біз үшін бірінші кезекте бұл бітімгершілік қызметке қосқан үлесіміз үшін мемлекетімізге деген құрмет. Ливандағы бітімгершілік миссия мен үшін бірінші, оның үстіне, рота командирі лауазымында. Асқан жауапкершілікті жүктейді. Бірақ, біздің алдымызда бір ортақ мақсат тұр – Тәуелсіз Қазақстанның туы астында адал қызмет атқару», - деді майор Аян Нұрқасов.

Салтанатты рәсімнен кейін қазақстандық бітімгершілік ротаның көркемөнерпаздар ұжымы ұйымдастырған концерт өтті.

Естеріңізге сала кетсек, қазақстандық бітімгершілердің бірінші ротасы БҰҰ  бітімгершілік миссиясының мерзімі 2019 жылғы сәуірдің аяғында аяқталады. Олардың орнына қазіргі кезде дайындықтан өтіп жатқан екінші рота Ливанға аттанады.

336
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама
Президенттік жастар кадр резерві.
Мобильный ЦОН