Жаңалықтар

16 қараша, 2018

Елордадағы «Жас ұлан» республикалық мектебінің ұстаздары республикалық байқауда үздік атанды

Генерал С. Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінің қазақ тілі және  өзін-өзі тану пәндерінің оқытушылары Әсия Истаева мен Самал Өтешова «Киелі менің – Атамекенім» тақырыбында «Үздік ашық бейнесабақ» республикалық байқауына қатысты.

Байқаудың негізгі мақсаты педагогикалық еңбектің беделін арттыру және білім беру жүйесін дамытуда жалпы білім беру пәндері педагогтарының үлесін мойындау, сондай-ақ жалпы білім беру пәндері оқу бағдарламаларының іс жүзінде іске асырылуы үшін перспективалық педагогикалық тәжірибені біріктіру және тарату болып табылады. Байқау жұмыстарын бағалау кезінде мақсаттар қою, оқу пәнінің мазмұнын, сабақтағы ұстаз бен шәкірттің жұмысын меңгеру, оқыту құралдарын пайдалану тиімділігі мен сабақтың нәтижелілігі сияқты көрсеткіштер ескерілді: Іс-шараны «Bilim-orkeniеty» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығымен бірлесе  Астана қаласы Білім беруді жаңғырту орталығы ұйымдастырды. Байқауды өткізу шеңберінде сондай-ақ мемлекет тарихы институты ғалымдарының, білім басқармасы мамандарының, «Bilim-orkeniеty» ұлттық  инновациялық ғылыми-зерттеу  орталығы өкілдерінің, мектеп оқытушыларының, докторанттар мен БАҚ өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді. Өткізілген байқау қорытындысы бойынша Ә. Истаеваға І дәрежелі және С. Өтешоваға ІІІ дәрежелі диплом табыс етілді.

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама