Жаңалықтар

15 қараша, 2018

Ливанда Қазақстанның Мемлекеттік туы көтерілді

ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Талғат Мұхтаровтың қатысуымен ҚР Мемлекеттік туын көтеру салтанатты рәсімі өтті.

ҚР Қарулы Күштерінің тарихында алғаш рет бітімгершілік контингент Ливандағы бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау жөніндегі БҰҰ-ның миссиясына қатысуда.  Үнділік серіктестермен бірлесе бітімгершілік ротаның үйлесуі шеңберінде қажетті дайындық жұмысы жүргізілді.  «Мемлекеттік тудың көтерілуі – бұл еліміз үшін тарихи оқиға. Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесінде Қазақстан Республикасын тұрақсыз мүше ретінде етіп сайлау кезінде Елбасы Н.Назарбаевтың саяси үндеуінде бітімгершілік қызметтті кеңейту және қазақстандық әскери қызметшілердің БҰҰ-ның миссиясына қатысуы туралы Қазақстанның ниеті айтылды. Менің ойымша, біз Мемлекет басшысының тапсырмасын орындадық. Бүгінгі таңда бітімгершілеріміз өздерінің міндеттерін орындауға келді және кірісіп те кетті», - деді генерал-лейтенант Т. Мұхтаров.

Ағымдағы жылғы қазан айының соңында «Ливандағы БҰҰ-ның уақытша күштері» миссиясына қатысу үшін Ливан Республикасына «Индбат» үнді батальоны құрамында қазақстандық бітімгершілік полктің құрама бітімгершілік ротасының 120  әскери қызметшісі жолданғанын естеріңізге сала кетейік. Бөлімшенің БҰҰ-ның миссиясына қатысуы халықаралық қауіпсіздікті нығайтуға үлес қосатынын, сондай-ақ халықаралық қоғамдастықтың жауапты мүшесі ретінде Қазақстанның беделін нығайта түсетінін айта кетейік.

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама