• Қарулы күштердің 2019 жылғы ұраны "Рухани жаңғыру - жауынгерлік рух тірегі"

Жаңалықтар

25 қазан, 2018

Елордадағы 36-шы десанттық-шабуылдау бригадасы өзінің 15 жылдығын атап өтті

Ұлттық әскери-патриоттық орталықта Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Мұрат Майкеевтің қатысуымен Астана маңында орналасқан 68665 әскери бөлімінің құрылуының 15 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті.

Өзінің тарихын әскери бөлім 2003 жылғы 17 қыркүйектен бастап жүргізуде. Дәл сол кезде ҚР Қорғаныс министрінің директивасына сәйкес осы әскери бөлім құрылған болатын. 36-шы десанттық-шабуылдау бригадасы Қазақстанның әскери бөлімдері арасында алар орны айрықша. Себебі, еліміздің бас қаласы Астананың маңында орналасқан. ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы – Елбасы, сондай-ақ Премьер-Министрлер, ҚР Сенаты мен Парламентінің депутаттары, Ұлы Отан соғысы мен Ауғанстан ардагерлері әскери бөлімге бірнеше рет барды. Жлы сайын бұл бөлімге студенттер, оқушылар, шетелдік делегациялар барып тұрады. Мұнда қысқа мерзімде еліміздің кез келген жерінде болуға қабілетті жоғары кәсіби, дайындалған жауынгерлер қызмте етеді. Әскери бөлім құрылған сәттен бастап оны 2004-2008 жылдары генерал-майор Дәулет Оспанов, 2008 – 2010 жылдары генерал-майор Дулат Адырбеков, 2010 – 2011 жылдары полковник Ермек Әлмұхаметов, 2011 – 2015 жылдары генерал-майор Алмаз Джумакеев басқарды. Қазіргі уақытта подполковник Нұрлан Кәрібаев бөлім командирі болып табылады. Салтанатты шараға Қарулы Күштердің ардагерлері, әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелері қатысты. Іс-шара аяқталысымен атаулы оқиғаның құрметіне орай мерекелік концерт ұйымдастырылды.

314
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама