Щучинскіде әскери полиция органдары әскери қызметшілерінің сайысы өтті
Елорданың 20 жылдығына орай Щучинскіде ҚР ҚК Әскери полициясы бас басқармасы бастығының кубогы үшін әскери полицияның барлық органдары мен олардың отбасы мүшелерінің қатысуымен ерлер арасында шағын футбол және әйелдер арасында волейболдан сайыс өтті.
Сайыстың өткізілу мақсаты патриоттық тәрбие беру, физикалық дайындықты нығайту, әскери қызметшілердің саламатты өмір салтын насихаттау, сондай-ақ әскери ұжымды жұмылдыру болып табылады. Сайысқа сегіз команда қатысты. Ойын қорытындысы бойынша шағын футболдан бірінші орынды Қапшағай гарнизоны әскери полициясы бөлімінің командасы бірінші орынды, екінші орынды Аягөз гарнизонының әскери полициясы бөлімінің командасы және үшінші орынды ҚР Қорғаныс министрлігі Режим мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі әскери полиция жасағы жеңіп алды. Аягөз гарнизоны әскери полициясы бөлімінің әскери қызметшісі кіші сержант Бауыржан Тұрғанбаев сайыстың үздік ойыншысы болып танылды. Волейбол бойынша жарыста Қарағанды гарнизоны әскери полициясы бөлімінің командасы бірінші орынды, құрметті екінші орында ҚР ҚК Әскери полициясы бас басқармасының әйел әскери қызметшілері мен үшінші орында Ақмола өңірлік гарнизонының әскери полиция жасағы мен ҚР ҚМ Режим мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі әскери полиция жасағының командасы үшінші орынды еншіледі. Турнир қорытындысы бойынша жеңімпаздар грамоталар және медальдармен марапатталды.
Басқаларын қарау: Жаңалықтар
-
16.02.2019
-
16.02.2019
-
16.02.2019
-
16.02.2019