Жаңалықтар

09 шілде, 2018

«Айбын» әскери-патриоттық жиыны Қазақстанның жастарын біріктірмек

Астана қаласының 20 жылдығына орай Қарағанды облысының «Спасск» оқу-жаттығу орталығында 2018 жылғы шілденің 16-ы мен 21-і аралығында жыл сайынғы «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиынын өткізу жоспарлануда.

Әскери-патриоттық жиынға әскери-патриоттық клубтардың 600-ден аса тәрбиеленушісі, еліміздің түкпір-түкіпіріндегі облыстық (қалалық) әскери-патриоттық жиындардың жеңімпаздары, Қарулы Күштердің әскери бөлімдері мен мекемелері, «Жас ұлан» республикалық мектептері мен облыстық әскери мектеп-интернаттары жанында құрылған әскери-патриоттық клубтар қатысады.  Осы жиынның ерекшелігі Қарулы Күштердің, сондай-ақ ҚР ҰҚК Шекара қызметінің әскери бөлімдері мен мекемелері жанында құрылған әскери-патриоттық клубтардың тәрбиеленушілерінің қатысуы. Жастар слетінің өткізілуі барысында спорттың әскери-қолданбалы түрлері және жауынгерлік даярлық пәндері бойынша сайыстарды, «Голосящий Айбын» мега арт-фестивалін өткізу жоспарлануда, «Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы» жобасының жеңімпаздарымен кездесу көзделген. Сондай-ақ қатысушыларды «Айбын» жалыны» алауының маңында қызыққа толы кеш, «Ұлы дала әскері – «Мәңгілік ел» тірегі!» Қарулы Күштер түрлерінің өкілдерімен интерактивті кездесу және  «Айбын – достық мекені» саяжолдың ашылуына қатысу күтіп тұр.

Одан басқа, «Менің роботым» байқауы және «Айбын дарыны» зияткерлік ойыны өткізіледі. Іс-шараның салтанатты ашылуы ағымдағы жылғы 17 шілдеде өтеді.

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама